Булавкина Ольга Александровна

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі

Еңбек жолын Өскемен қаласындағы балабақшада тәрбиеші болып бастаған. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімі аппаратының экономист, есепші, бөлім меңгерушісі, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімі қызметтерін атқарған.