Кеңес қызметі

«Самұрық-Қазына» қорының Қоғамдық кеңесі азаматтардан түсетін барлық сындарлы ұсыныстарға жедел әрі тиімді жауап беретін пәрменді алаңға айналуға тиіс. Қоғаммен өзара тиімді, тұрақты әрі тікелей диалог жүргізу Кеңес қызметінің басым бағыты болып табылады. Біз Қордың қоғаммен өзара іс-қимыл жасау тарихында жаңа парақты ашып отырмыз. Азаматтар трансформациялау жұмысына белсене араласады және өз идеяларын, ұсыныстарын, пікірлерін және ескертулерін осы порталға жібереді деген сенімдемін. Кеңес жұмысының нәтижесі тікелей осыған байланысты болмақ. Сындарлы әрі жемісті идеялар, азаматтарды толғандыратын ең өзекті және өткір мәселелер талданып, Кеңес әзірлейтін ұсынымдар мен ұсыныстарда көрініс табатын болады».


Жәмішев Болат Бидахметұлы,
«Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Қорды реформалау жоспарын талқылауға шақырамыз

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің 11 қаңтарда өткен отырысы мен 21 қаңтарында болған отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде «Самұрық-Қазына» АҚ Үкіметпен бірлесіп, Қор қызметін реформалау бағдарламасын әзірлеу бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында жұмыс жүргізілді.


Құрметті қоғам өкілдері, Сіздер Қорды реформалаудың түйінді бағыттары жөнінде өз пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады. Олар бюрократиялық сатыны жою, бизнес-процестерді реинжинирингілеу, сатып алудың ашықтығы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, бизнесті қолдау, Қордың ел экономикасындағы үлесін азайту бағыттары. Мұнда әрбір бағыт бойынша негізгі тезистер ұсынылған және Сіз осы реформалар бойынша 10 жұмыс күні ішінде, яғни 18 наурызды қоса алғандағы мерзімде өз пікіріңізді қалдыра аласыз. Алынған ақпарат жинақталғаннан кейін, Сіздердің ұсыныстарыңыз Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында талқыланатын болады. Талқылау қорытындысы 2022 жылғы 20 сәуірге дейін сайтта жарияланатын болады. Сіздерден ұсыныс күтеміз!