Қордың экономикадағы үлесін азайту

Қордың экономикадағы үлесін азайтуды екі кезеңде іске асыру жоспарланып отыр.

1-ші кезең 37 активтен (179 компания) тұрады: ҚМГ – 2022 ж., Эйр Астана – 2022 ж., KEGOC – 2023 ж., QazaqGaz – 2023 ж., Самұрық-Энерго – 2023-2024 жылдары. Ұлттық қорға 2022-2025 жылдары шамамен 500 млрд. теңге құю күтілуде

2-кезеңде жаңа жеке монополиялық / олигополиялық құрылымдарды құруды бақылай отырып, бәсекелестік ортаға шығарудың бекітілген өлшемшарттары негізінде қалған 104 компанияның ішінен жекешелендіру жоспарлануда.

Жекешелендіру нәтижелерінің бірі – Қордың елдің ЖІӨ-дегі жалпы қосылған құнының үлесін 6,2%-дан 5%-ға дейін қысқарту болмақ.

Сұрақ: Сіз бұл шаралар Қордың экономикадағы үлесін төмендетуге ықпал етеді деп ойлайсыз ба?