Бюрократиялық сатыны жою,
бизнес-процесстерді реинжинирингілеу

Осы бастама шеңберінде Қордың корпоративтік орталығында:

  • Штат саны 2 есеге – 248-ден 124 адамға дейін қысқартылды (штат бірліктері - 177-ден 124-ке дейін, 71 бірліктен құралған аутстаффинг қызметі толығымен қысқартылды)
  • Ұйымдық құрылымы оңтайландырылды, басқару позицияларының саны 10-нан 5-ке дейін, құрылымдық бөлімшелердің саны 27-ден 18-ге дейін қысқартылды
  • «Кеңесшілердің» штаттық бірлік ретіндегі лауазымдық позициялары (бүкіл Топ бойынша) алынып тасталды
  • Қордың шетелдік өкілдіктері (Лондон қ., Мәскеу қ., Пекин қ., Абу-Даби қ.) жабылды

Қордың портфельдік компаниялары бойынша корпоративтік орталықтарды жоспарлы қысқарту, сондай-ақ бизнес-процестерді оңтайландыру және цифрландыру бойынша ұқсас іс-шараларды жүргізу күтілуде

Сұрақ: Сіздің реформаның осы блогына деген көзқарасыңыз қандай?