Қазақ тілін дамыту
«Самұрық-Қазына» қызметкерлері Ұлттық диктант жазуға қатысты
«Самұрық-Қазына» қорының қызметкерлері мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуге және жазу сауаттылығын арттыруға бағытталған жалпы республикалық акция — Ұлттық диктантқа қатысып, өз білімдерін сынап көрді.
Ұлттық диктанттың негізгі мақсаты — мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, тіл мәдениетін нығайту және ұлттық бірегейлікті одан әрі дамыту. Бұл бастама - тек сауаттылықтың көрсеткіші емес, сонымен бірге тілге деген құрмет пен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Диктант үшін Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» атты мәтіні таңдалды. Қатысушылар мәтінді тыңдап, арнайы парақтарға жазып, кейін өз жұмыстарын тексерді.
Ұлттық диктант — тек жазу жаттығуы ғана емес, тілге деген сүйіспеншілікті күшейтетін маңызды қадам.
«Самұрық-Қазына» қоры мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған бастамаларды әрдайым қолдайды.