Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына және Жұмысшы мамандықтары жылына орай өндіріс саласының қызметкерлері арнайы челлендж ұйымдастырды.
168
10 Тамыз 2025
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына және Жұмысшы мамандықтары жылына орай өндіріс саласының қызметкерлері арнайы челлендж ұйымдастырды. Қатысушылар Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін мәнерлеп оқып, ұлы ойшылдың рухани мұрасын дәріптеді. Бұл бастама еңбек адамдарының мәдениетке, руханиятқа деген құрметін көрсететін жарқын үлгі болды.
Шараның басты мақсаты — ұлы ақын Абайдың шығармашылығын, ұлттық құндылықтарды насихаттау және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру.