РУС ENG КАЗ

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Қор туралы

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы — жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын Қор.

Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылды. Ол — Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету міндеті жүктелген инвестициялық холдинг.

Қазақстан экономикасында алатын орны


«Самұрық-Қазына» Қоры өз миссиясын қоржынды компанияларды тиімді басқару арқылы жүзеге асырады. Яғни, олардың ұзақ мерзімді құны мен тұрақты дамуын арттыру, сондай-ақ, ұлттық экономиканың басым бағыттарын дамытудағы каталитикалық инвестицияларды іске асырады.

Қордың ірі активтері


«Самұрық-Қазына» АҚ Компаниялар тобына мұнайгаз, көлік және логистика салаларындағы кәсіпорындар, химия және атом өндірісі, тау-кен, металлургия кешені, энергетика, машина жасау мен жылжымайтын мүлік салаларының компаниялары кіреді:

Қоржын компаниялар


2017 жылы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ барлық басты стратегиялық көрсеткіштер бойынша өсімге қол жеткізді және жылды оң қаржылық нәтижемен аяқтады. 2017 жыл қорытындылары бойынша акционердің үлесіне шоғырландырылған таза пайда 601 млрд теңгені құрап, 2016 жылғы көрсеткіштен 146 млрд теңгеге асты. Холдинг компанияларының шоғырландырылған активтері 1,7 триллион теңгеге (7,6 %) өсіп, 24,2 триллион теңгені құрады.


Холдинг бюджетке 787,6 миллиард теңге сомасына салықтар мен төлемдер төледі, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 29 %-ға артық.


2017 жылы "Самұрық-Қазына" АҚ Корпоративтік орталықтың бизнес-процестерін жаңартуды аяқтап, инвестициялық холдинг ретіндегі Қордың жаңа рөлін айқындайтын жаңа Инвестициялық саясатты бекітті.



Жылғы жылдық есебі



Корпоративтік басқару





Қор тарихы

2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016


Қор тарихы



Қоржын компаниялар
© 2009-2018 АО «Самрук-Қазына»
Соглашение о пользовании сайта «Фонд национального благосостояния «Самрук-Қазына»
Посетителей: 543 266 уникальных | 1 984 888 всего