Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді
жоспарына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының 168 активі енгізілген
27 актив сатылу процесінде
Қазіргі уақытта компаниялар операциялық тиімділікті
арттыру және ықтимал IPO үшін оңтайлы периметрді айқындау
бойынша ішкі дайындық жұмыстарын жүзеге асыруда
IPO
SPO
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары аясында
Жамбыл облысындағы «Бурное» күн электр станциясының құрылысы және кеңейту жобалары
Бұл жобаларды «Самұрық-Қазына Инвест» «UG Energy Limited» (Ұлыбритания) серіктестігімен «Burnoye Solar-1» және «Burnoye Solar-2» жобалау компаниялары негізінде «Самұрық-Қазына Инвест» 49 % қатысуымен жүзеге асырды. Сондай-ақ, осы жобалар аясында ЕҚҚДБ қарызды қаржыландыру тартылды.
Күн станциясының бірінші және екінші кезеңдері сәйкесінше 2015 және 2018 жылдары іске қосылды.
Өндірілген электр энергиясының барлық көлемін
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы»
Қазақстан Республикасының Заңының негізінде
«Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС сатып алады.
UG Energy Limited – United Green компаниясының (бұдан әрі – UG) еншілес ұйымы, ол өз кезегінде, қарқынды дамып келе жатқан салаларға, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларға тікелей инвестициялармен айналысатын халықаралық әртараптандырылған топ.
UG жобаларды іске асыруға стратегиялық инвестор ретінде де, жобаларды іске асыру бойынша қызметтерді ұсыну арқылы да қатысады.
UG компаниясы жаңартылатын энергия көздері саласында іске асыратын жобалардың жалпы қуаттылығы – 400 МВт-тан астам, жалпы құны 1,2 млрд. АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 300 млн. АҚШ доллары капиталды салым ретінде қарастырылған.
UG кеңселері мен өкілдіктері Лондонда (Англия), Дубайда (БАӘ), Гамбургте (Германия) және Эрбилде (Ирак) орналасқан.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына Инвест» Хэвел компаниялар тобымен (Ресей) бірлесіп қуаттылығы 238 МВт жеті күн электр стансасының құрылысына қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Жаңа Даму стратегиясына сәйкес Самұрық-Қазына жобаны бірлесіп қаржыландыру және іске асыру үшін қажетті тәжірибесі мен технологиялары бар стратегиялық инвесторлармен бірге жаңа бастамаларға инвестиция салады. Жетекші компаниялармен әріптестікте интеграцияланған бизнесті құру Самұрық-Қазынаға портфельді әртараптандыруға және ел экономикасының құрылымдық өзгерістерінің қозғаушы күші болатын жаңа компаниялар құруға мүмкіндік береді.
Химия
өнеркәсібі
Өңдеуші
өнеркәсіп
Тау-кен металлургия
кешені
Машина жасау
Көлік және
логистика
IT және цифрландыру
Инфрақұрылым
ЖЭК