AIFC LSE

Сатып алулар

«Самұрық-Қазына» АҚ – тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге еліміздегі аса ірі тапсырыс берушілердің бірі. Жыл сайын сатып алу көлемі кемінде 3 трлн теңгені құрайды, олардың ішінде отандық тауар өндірушілерден сатып алу шамамен 1 трлн теңге құрайды.
2020 жылы компаниялар тобының сатып алу жоспары 3 трлн теңге құрады және ағымдағы жылдың 5 айы ішінде 80%-ға немесе 2,4 трлн теңгеге орындалды. Өткізілген сатып алулардың қорытындылары бойынша үнем 100 млрд теңге құрады.
Қор холдингішілік сатып алуларды да өткізді. Бәсекелес ортаға 819 млрд теңге табысталды. 17 000 бизнес субъектісі Қор тобының сатып алуларына қол жеткізді.

2020 жылды «Самұрық-Қазына» Қоры Қазақстандық тауар өндірушілерді және отандық кәсіпкерлерді қолдау жылы деп жариялады.

Нормативно-правовые акты

Берілген шарттарға сай келетін құжаттар жоқ

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының
сатып алулары электронды порталда жүргізіледі

«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуларының мұрағаты

Берілген шарттарға сай келетін құжаттар жоқ

Отандық тауар өндірушілерге арналған арнайы бағдарламалар:

Жаңа өндірістер бағдарламасы:
22 млрд теңгеге 35 шарт жасалды, ал 2018-2020 жылдар ішінде жеке инвестициялардың көлемі 220 млрд теңгені құрады. Бұл жобаларда 2000 жұмыс орны ашылды. Қор қазақстандық өндірушілерден тұрақты негізде сатып алуға дайын Тауарлар пулы қалыптастырылуда. Бүгінгі таңда бұл тізімде ұзақмерзімді қажеттіліктердің жалпы көлемі 250 млрд теңгеден асатын 1200-ден аса позиция бар.
2017 жылдан бастап сатып алуды санаттық басқару (ССБ) енгізілді:
Қор компанияларының бизнес-процестері үшін маңызы бар тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналып сатып алудың санаттық стратегиялары әзірленді.

Сатып алу стратегияларын іске асырудан ендірілген мезеттен бастап 2019 жылдың аяғындағы экономикалық әсер 35,3 млрд теңгеден асса, соның ішінде 2019 жылдың өзінде 21,6 млрд теңге құрады.