Персоналды ТЖ және қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларға ден қоюға дайындау мақсатында тактикалық оқу-жаттығулар мен аварияға қарсы жаттығулар өткізіледі. Қор қызметкерлері келесі оқу-жаттығулар мен оқу-жаттығу сабақтарына қатысты:
- Ақтау теңіз порты аумағында кемеде мұнайдың төгілуін жою және өртті сөндіру;
- «Жасыл орам» БО-да эвакуациялық жаттығу;
- «Үлбі металлургия зауыты» АҚ-ның аумағында;
- «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Жетібай кен орнында;
- «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС және «Азия газ құбыры» ЖШС газ құбырлары аумағында.
Авариялар мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды реттеу үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниялар тобында тұрақты жұмыс істейтін штаб құрылды
Аварияларды жою жоспарына сәйкес ірі аварияларды, ТЖ жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін материалдық және қаржылық ресурстардың болуы көзделген
Ақпараттық бюллетеньдер арқылы Қор тобында іске асырылған оқиғалардың мән-жайын қызметкерлердің назарына жеткіземіз