Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру жайын баяндады

Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» активтерін жекешелендіру жайын баяндады

553

31 Мамыр 2016

«Жеке бастамалардың сәтті іске асып, жеке саланың экономикада ойып тұрып өз орнын аларына сенемін» - деді Қор басшысы Өмірзақ Шөкеев 2016 жылғы 25 мамырда АЭФ аясында жекешелендіру форумында сөйлеген сөзінде. Алдағы бес жылда  жекешелендіру бағдарламасын  іске асыра отырып Қор Үкіметтің 2015 жылғы желтоқсанда қабылдаған жаңа бағдарламасына сай өз жұмысын ұйымдастырмақ.

Бұл ретте екі тізімнен тұратын 217 компанияны жекешелендіруді көздейді. Алғашқы болып тізімге енген 44 ірі активтің 7-уі 2018 жылдан 2020 жылға дейін IPO-ға шығарылады деп күтілуде. Екінші тізім 173 шағын компанияны қамтиды. Өмірзақ Шөкеев, осынау ауқымды жекешелендіру барынша айқын әрі ашық болатынын, ол бойынша  дұрыс шешімдер қабылданатынын айтты.