ҚТЖ-да көп функционалды қызмет көрсету орталығы ашылды

ҚТЖ-да көп функционалды қызмет көрсету орталығы ашылды

575

25 Қараша 2016

22 қарашада «ҚТЖ» ҰК» АҚ көп функционалды қызмет көрсету орталығының (КҚКО) ашылу рәсімі өтті. Бұл компанияның Трансформация бағдарламасы аясында қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі.

Көп функционалды қызмет көрсету орталығы (КҚКО) бухгалтерлік, салықтық және кадр есебі негізгі операциялық процестерін үйлестіреді. Әлемдік жетекші компаниялар тәжірибесіне жүгінсек, осы тектес орталықтар құру компания қызметін айтарлықтай оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттырады.

Пилоттық КҚКО Астанада ашылды. Елімізде 2017 жылдың соңына дейін барлығы 12 осындай орталық өз жұмысын бастайды деп күтілуде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қаржы вице-президенті М.Р. Қабашев өз сөзінде, компанияда операциялық шығындардың  азаюымен қатар жұмыс тиімділігінің артуы – аталмыш жобаның басты жетістігі деп атап айтты.

Қазіргі уақытта ҚТЖ 113 филиалында бухгалтерлік және салықтық қызмет ұсынылған. Аталмыш жобаға КҚКО-ға ауыстырылатын  компанияның 875 қызметкері тартылмақ.