«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі Қордың 2015 жылғы жылдық есебін бекітті

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі Қордың 2015 жылғы жылдық есебін бекітті

464

16 Тамыз 2016

Қордың 2015 жылғы «Болашақтың Қоры іргесін бірге қалаймыз» атты есебі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы Трансформация бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындысына арналған. Құжатта Қор қызметінің негізгі көрсеткіштері айқындалып, қаржылық есептіліктің халықаралық талаптарына сәйкес, шоғырланған қаржылық есептілікке жан-жақты талдау жасалған.

Есеп бес басты бөлімнен тұрады, оның ішінде трансформация және жекешелендіру бағдарламаларын, корпоративтік басқару мен тұрақты дамыту, Қордың даму стратегиясын жүзеге асырудың және «Самұрық-Қазына»  АҚ компаниялар тобында тәуекелдерді басқару, дарындарды басқару жүйелерін енгізудің нәтижелері туралы ақпарат бар.

«Бұл жылдық есеп жаңа нұсқада дайындалған әрі мазмұны айрықша.  Жылдық есептің мақсаты – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамында болып жатқан үдерістерді, соның ішінде холдингтің бүгінгі бет-бейнесі мен даму бағытын  түсіндіру үшін Қордың барлық мүдделі тараптарын, соның ішінде Қазақстан азаматтары мен қауымдастығын, саясаткерлерді, БАҚ пен инвесторларды толықтай тарту. Қолға алынған Қор трансформациясы бағдарламасы, соның ішінде даму стратегиясы, активтерді оңтайландыру мен корпоративтік басқару ісі «Самұрық-Қазына» АҚ миссиясының өзегі болып табылады», - деп атап өтті Қордың Директорлар кеңесі мүшесі, тәуелсіз директор Барон Декамп Оливье Эдуард Эммануэль.  

Жылдық есепті берілген сілтемемен өтіп көруіңізге болады.

«Самұрық-Қазына» АҚ 2015 жылғы жылдық есебі

Қордың Жылдық есебінде көрсетілген 2015 жылдың басты нәтижелері

Трансформация:

     Қордың жаңа бизнес-үлгісі жасалып, енгізіліп жатыр – Қоржын компанияларда өкілетті Директорлар кеңестері бар стратегиялық холдинг.
    2016 жылғы қаңтардан бастап Қордың жаңа қызметтік және ұйымдық үлгісі енгізіліп жатыр.
    Қор мен оның бес Қоржын компаниясының Даму стратегиялары жаңартылды
    Қор мен оның 6 Қоржын компаниясының стратегиялық пайдалы әрекет коэффиценттері бекітілді.
    Қор, «Қазпошта» АҚ мен «ҚТЖ» АҚ мақсатты операциялық үлгілерін бекітіп, оны енгізу кезеңіне көшті.
    «ҚМГ» ҰК АҚ, «Қазатомпром» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазпошта» АҚ мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ дизайн кезеңін аяқтап, 2016 жылы жоспарлау кезеңіне көшті.

Қаржылық нәтижелер:

- «Самұрық-Қазына» АҚ 2015 жылғы таза жиынтық табысы 304,8 млрд. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 30%-ға өсті.

- «Самұрық-Қазына» АҚ тобы бойынша 2015 жылы  году уплачено налогов и платежей на сумму 663 млрд. теңгенің салығы мен төлемі жасалған, 2014 жылғы көрсеткіш – 1 048 млрд. Теңге.

- «Самұрық-Қазына» АҚ 2015 жылы Бірегей акционерге 2014 жылғы қызметі нәтижесінде 34,7 млрд. теңге, тиісінше 2013 жылы – 9,1 млрд. теңге дивиденд әкелді.

Жекешелендіру:

    Қор 2014-2015 жылдары құны 49 млрд. теңге болатын 36 активті сатты.
    2015 жылдың аяғындағы жағдай бойынша Қор қарамағындағы компаниялар 545-ке, яғни 2014 жылмен салыстырғанда 9 %-ға кеміді (2014 жылдың 31 желтоқсанында – 593). 2016 жылдың аяғында компанияларды 400-ге дейін қысқартуды жоспарлап отырмыз.
    Жекешелендірудің кешенді жоспарына сәйкес Қордың 7 қоржын компаниясы 2018-2020 жылдары IPO-ға шығарылатын болады.

Корпоративтік басқару:

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкесетін жаңа Корпоративтік басқару кодексі бекітілді.
    Корпоративтік басқару кодексінің талаптарына сәйкес 3 қоржын компанияның Директорлар кеңесін жасақтау қолға алынды.
    Корпоративтік басқаруды бағалаудың жаңа Әдістемесі жасалды.

Тұрақты даму:

    Қор мен оның Қоржын компанияларында тұрақты даму қағидаларын енгізу жұмысы басталды.
    17 746 млн. теңгенің демеушілік және қайырымдылық көмегі көрсетілді, 141 жоба іске асырылып, 9 000 қазақстандыққа қолдау көрсетілді.
    Сайтта штаттағы бос орындар туралы 19 хабарлама шығып, 982 үміткер іріктеуге қатысты. 42 үміткер әңгімелесуге шақырылып, 19 адам жұмысқа қабылданды.
    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес Комплеанс бағдарламасы жасалып, енгізіліп жатыр.