«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі Қордың 2015 жылғы жылдық есебін бекітті

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі Қордың 2015 жылғы жылдық есебін бекітті

738

30 Маусым 2015

Қордың 2015 жыл үшін есебі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобындағы Трансформация бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындысына арналған. Құжатта Қор қызметінің негізгі көрсеткіштері айқындалып, қаржылық есептіліктің халықаралық талаптарына сәйкес, шоғырланған қаржылық есептілікке жан-жақты талдау берілген.

Есеп бес басты бөлімнен тұрады, оның ішінде трансформация және жекешелендіру бағдарламаларын, корпоративтік басқару мен тұрақты дамыту, Қордың даму стратегиясын жүзеге асырудың және «Самұрық-Қазына»  АҚ компаниялар тобында тәуекелдерді басқару, дарындарды басқару жүйелерін енгізудің нәтижелері туралы ақпарат бар.

Атап өткен жөн, Қордың трансформациясы аясында атқарылатын жұмыстың тиімділігін және сапасын «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі жанындағы Трансформация бағдарламасын жүзеге асыруды бақылау жөніндегі комитет бағалайды. Қордың Трансформация бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2016 жылғы екінші тоқсандағы есеп те Директорлар кеңесінің қарауына шығарылды.

Есепті тұрақты түрде қарастыру Бағдарламаны жүзеге асыру барысында туындайтын негізгі тәуекелдерге уақытылы жауап қайтаруға, сондай-ақ болашақта бастамаларды енгізудің тиімділігін арттыруға жол ашатын басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін  қажет.

Осындай мәліметтерді жариялаудың мақсаты ашықтық пен жариялық саясатын қамтамасыз ету, әрі «Самұрық-Қазына» АҚ беделін және инвестициялық тартымдылығын одан әрі көтеру болып табылады. Есептілік бойынша барлық құжаттарды әдетте Қордың ресми сайтынан - http://sk.kz/, «Қаржы және есептері» бөлімінен табуға болады.

 

«Самұрық-Қазына» АҚ

Сыртқы және ішкі коммуникациялар жөніндегі департаменті

+7 (7172) 55 27 54; + 7 (708) 918 01 03