«Самұрық-Қазына» АҚ халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуда

«Самұрық-Қазына» АҚ халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуда

510

27 Мамыр 2016

Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ кеңсесінде басқарма төрағасы Ө.Шөкеев Еуропалық қайта құру және даму банкінің Президенті С.Чакрабарти бастаған делегациямен келіссөз өткізді. Бүгін өзара серіктестіктің өзекті мәселелерін нәтижелі талқылау болды. Кездесуге қатысушылар ЕҚҚДБ қатысуымен Қордың жүзеге асырып жатқан жобаларына баса назар аударды. Ө.Шөкеев пен С.Чакрабарти тығыз әріптестікті жалғастыруға ниет білдірді, соның ішінде ынтымақтастық жаңа бағыттарға да қатысты болмақ. Кездесуге сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ тәуелсіз директоры О.Декамп қатысты.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Ө.Шөкеев «JPMorgan Chase International» төрағасымен Дж.Френкельмен кездесті. JPMorgan Қор және оның қоржындық компанияларымен бұрыннан қарым-қатынас орнатқан. Қазақстандық ұлттық компаниялармен өзара жұмыс істеу тәжірибесіне сүйеніп, алдағы уақытта серіктестіктің нығая түсетініне қызығушылығын құптады.

«Самұрық-Қазына» АҚ бизнес үрдістерді тиімділігін көтеру мақсатында инновациялық және ғылыми-техникалық әлеуетке баса назар аударады. Осы салдағы серіктестіктің ықтималды бағыттарын зерттеу үшін «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы Ө.Шөкеев жетекші америкалық Стэнфорд университетінің профессоры Ф.Принцпен кездесу өткізді.