«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Ұлыбритания сауда Премьер-министрінің Қазақстандағы өкілімен кездесті

«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Ұлыбритания сауда Премьер-министрінің Қазақстандағы өкілімен кездесті

393

24 Мамыр 2016

2016 жылғы 24 мамыр күні «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев пен Ұлыбритания сауда Премьер-министрінің Қазақстандағы өкілі Лорд Джон Астормен кездесуі өтті.

Кездесу барысында екі жақ Қор мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастық жайлы сөз қозғады. Сонымен қатар, жылдың соғына дейін Қазақстан-Британдық іскерлік Кеңесінің отырысын өткізу жоспарлануда.

«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы мұнай-химия, газ-химия, агрохимия, металлургия cалалары  және IТ секторында британдық компанияларды жұмылдыруға қызығушылық білдірді.