«Самұрық-Қазына» АҚ кадрлық құрамы 65% жаңарды
541
25 Ақпан 2016
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2015 жылы жария еткен жаңа ұйымдастыру құрылымын жасақтауға кірісті.
25 ақпанда, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының қатысуымен холдингтегі жаңа кадрлық саясатқа байланысты брифинг өтті. Қордың жаңа ұйымдастыру құрылымына өту үрдісі 2016 жылдың басында басталды және бірінші жарты жылдыққа дейін жалғасатын болады.
«Ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Біз басқарушы құрамды 16 адамнан 9 адамға дейін қысқарттық, сондай-ақ қызметкерлер санын 15 %-ға дейін қысқартуды көздеп отырмыз», - деді, Қордың басқарма мүшесі-Адам ресурстарын басқару жөніндегі басқарушы директор Ұлан Тәжібаев.
Оның айтуынша, біліктілік талаптарының күшеюіне байланысты соңғы екі жылда Қор штаты 65 %-ға жаңарған. Жақын арада 22 %-ға дейін жаңарту жоспарланып отыр.
«Жаңарған Қордың қызметкерлері халықаралық тәжірибе мен стандарттарды игерген жоғары білікті мамандар болуы тиіс. Сонымен қоса, елдің алдында тұрған, халықаралық ауқымдағы күрделі міндеттерді орындауға білігі мен құлшынысы болуы шарт», - дейді Ұ.Тәжібаев.
Қордағы басшылық қызметке үміткерлерді іріктеу үш бағыт бойынша жүргізіліп жатыр: Компаниялар тобының өз ішінен, Қазақстан нарығынан және шетелден талантты, білікті қызметкерлерді іздеп, табу. Шетелдік мамандарды жұмысқа тартудағы мақсат олардың қазақстандық әріптестерімен тәжірибесін, білімін бөлісу болып табылады.
Отандық мамандарды жұмысқа тарту кезінде Қор шетелдік оқу орындары түлектерін біріктіретін «Болашақ» ассоциациясымен және «Қазальянс» ұйымымен тікелей байланыс орнатып отыр.
Өз кезегінде Басқарма төрағасының кеңесшісі Дэниэл Крюсберг Қорға қызметкерлерді алу кезінде ашықтық пен әділдікті басшылыққа алатындарын жеткізді.
«Біз ресми сайтымызда бос вакансиялардың барлығын да ашық жария етіп отырмыз және кез келген үміткердің осы вакансияларға өтініш беруіне болады. Сайтта әр конкурстың нәтижесі тұрақты жарияланып отыр. Сондықтан жұртшылық әділдік қағидасының сақталғанына, бос орындарға конкурстық іріктеудің 8 сатысынан өткен кандидаттардың жұмысқа тұрғанына көз жеткізе алады», - деді Д. Крюсберг.
Қор тобындағы жұмысқа орналасу үдерісінің ашықтығының арқасында бос орындарға қатысу көрсеткіші де барынша жақсарған. Мысалы, 2015 жылы жария етілген 19 бос орынға 982 үміткер тіркелсе, солардың ішінде 211 үміткер тестілеуге қатысты. 104 үміткер кәсіби білігін анықтау тестінен сүрінбей өтсе, 65 адам тілдерді меңгеру тестінен, 62 адам қабілеттілік тестінен жақсы нәтиже көрсетті. 42 үміткер алқалық талқылауға жіберіліп, 19 адам Қорға жұмысқа алынды. Қазіргі таңда resume.sk.kz сайтында 13 вакансияға іріктеу жарияланған: оның оны коммерциялық блок бойынша, үшеуі корпоративтік блок бойынша.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен «Теңізшевройл» басшыларының кездесуі аясында екі ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» тобындағы өндірістік қауіпсіздік: негізгі қорытындыла...