«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Астанада велосипедтерді жалға беру маусымын ашты

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Астанада велосипедтерді жалға беру маусымын ашты

833

16 Сәуір 2015

Қор бастамасымен «Аstanabike» әлеуметтік жобасы 2015 жылдың жаңа кезеңінде өз жұмысын жалғастырады. Аз уақыт ішінде аталмыш жүйе Астанада сәтті жүзеге асып, «Самұрық-Қазына» Қоры жобаны одан әрі дамытып әрі велотұрақты 1000 велосипедпен толықтырып, оларды жалға беру бекеттерінің санын 150-ге жеткізуге ниетті.

Жүйені пайдалануды оңтайландыру мақсатында, әрі велопарк пайдаланушыларының ұсыныстары мен тілектерін ескеріп, интернет арқылы онлайн-төлем жүйесі, мобильді банкинг (Halyk Bank) және тұтынушыларға стансаның жүктемесі мен орналасқан орнын қарау үшін Android и IOS базсында мобильді қосымшалар іске қосылды.

Велосипедшілер қауіпсіздігі – маңызды мәселе. Бұл ретте «Аstanabike» жобасы аясында Астана қаласы Ішкі істер департаментімен қала тұрғындарына жол жүру ережесі жан-жақты түсіндірілмек.

Пайдаланушылар жаңа бекеттер туралы ақпаратты velobike.kz сайтында және Facebook, Instagram, VKontakte әлеуметтік желі парақшаларынан біле алады. Немесе техникалық қолдау қызметінде 8701 96080 60 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Анықтама:

Жоба Астана қаласы әкімдігі тарапынан қолдау тапты. «Аstanabike» автоматтандырылған велосипедтерді жалға беру жүйесін пайдаланушылар саны 2014 жылы 577 адамды құрады. Велосипедтермен жалпы ұзақтығы 4 442 сағат, 29 206 шақырымнан тұратын 15 116 айналым жүзеге асты. 2014 жылы қалада 40 станса (200 велосипед) жұмыс істеді. Олар негізінен қаланың сол жағалауында орын тепкен.

Тұтынушылар «Мега Астана» ОСО-да орналасқан сату бөлімінде карталарын рәсімдеп теңгерімді толтыра алады. Алдағы уақытта стансаларды кеңейтуге сәйкес, қаланың ірі сауда орталықтарында жаңа сату бөлімдері ашылмақ.