«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы жыл соңында оң нәтижелер күтеді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы жыл соңында оң нәтижелер күтеді

708

20 Шілде 2016

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев ҚР Үкіметі отырысы кезінде бірінші жартыжылдықтағы жұмыс нәтижелері туралы баяндады.

«Бағалық көрсеткіштер  барынша оң сипатта, топтар бойынша (компанияда) ақшалай түсім өткен жылмен салыстырғанда 14% өсіп, 2 трлн. 552 млрд. теңгені құрады. Бұл уақытта салық төлегенге дейінгі операциялық кіріс 57% артып, 176 млрд. теңгені құрады. Бұл негізінен тиімділікті арттыру, түрлену бағдарламасымен байланысты жұмыстардың шығындарын азайту нәтижесі. Ақшалай түсім 14% артқанда пайда 1,5 еседен астам шамаға артты. Физикалық көрсеткіштер бойынша бізде мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу көлемі бойынша оң көрсеткіш, өткен жылмен салыстырғанда 6,25% артты. Жолаушылар тасымалының көлемі  2,3%, табиғи уранды алу көлемі 9,2% және жылжымайтын мүлікті сату 180% артты. Мұнай алу көлемі іс жүзінде өткен жылдың деңгейінде, газ алу көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3% аз, жүк тасымалы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5% кем», - деп хабарлады Ө.Шүкеев.

Ол жалпы алғанда компанияның қаржылық тұрақтылығы жеткілікті қауіпсіз деңгейде екенін жеткізді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 1,8 млрд. доллар сомасына қордың 7 жобасы жүзеге асырылуда. Оны жүзеге асыру барысында 8 мың жұмыс орны құрылды. Қазір Атыраудағы «Ұлттық мұнай-химия кешені» ЕЭА, «Құрық» паром өткелінің «Қорғас - Шығыс қақпасы», «Боржақты-Ерсай» теміржол желілері, Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік 500кВт транзиті тәрізді жобалар өте белсенді жүргізілуде, айтпақшы, Екібастұз-Семей-Өскемен аса маңызды желісінің бірінші кезеңін осы жылы, яғни, мерзімінен бұрын аяқтаймыз. Жалпы алғанда, қор компанияларындағы жағдай тұрақты және бұл жартыжылдық жыл соңында оң нәтижелер болатынын көрсетеді», - деді Ө. Шүкеев.