«Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларына шектеу қойылғанына байланысты хабарламасы

«Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларына шектеу қойылғанына байланысты хабарламасы

452

10 Қаңтар 2018

2018 жылғы 9 қантар, Астана қ. «Самұрық-Қазына» АҚ 2017 жылдың 14-ші қыркүйегіндегі Амстердам қ. соты шығарған шешімі негізінде «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі ҚМГ Қашаған Б.В. акцияларының 50% қатысты аталған акцияларға иелік ету тұрғысындағы құқығына шектеу (бұдан әрі – шектеу) қойылғанын хабарлайды.

Аталған шектеу 2013 жылы Стокгольм Сауда Палатасының Арбитраж Институты жанындағы Арбитражды трибунал Анатолий Статидің, Габриэль Статидің, Ascom Group SA мен Terra Raf Trans Trading Ltd. (бұдан әрі – арызданушылар) Қазақстан Республикасына қарсы ісі бойынша шығарған арбитраждық шешімді Нидерландыда мойындау және орындау бойынша талап-арызды қамтамасыз ету аясында қойылды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасы және арызданушылар арасындағы арбитраждық істің қатысушысы болған емес. Арбитражды трибунал «Самұрық-Қазына» АҚ қатысты арызданушылардың пайдасына қандай да бір төлемдерді жүргізу туралы шешім шығарған жоқ.

Шектеуге сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ тиесілі ҚМГ Қашаған Б.В. акциялары аталған қамтамасыз ету шарасының әрекет ету мерзімі ішінде сатылуы, берілуі немесе ауыртпалық салынуы мүмкін емес. Акцияларды өндіріп алуға жүгіну тек сот арбитраждық шешімді мойындау мен орындау туралы шешімді қабылдаған және мұндай шешімнің «Самұрық-Қазына» АҚ қатысты қолдануға жарамды деп санаған жағдайда немесе сот арызданушылардың «Самұрық-Қазына» АҚ тікелей талабы бар деген өзге де шешім шығарса ғана ықтимал.

«Самұрық-Қазына» АҚ аталған акциялар бойынша өзінің барлық дауыс беру құқығын сақтайды және ҚМГ Қашаған Б.В. ағымдағы басқаруы, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына дивидентерді төлеуді қоспағанда, ҚМГ Қашаған Б.В. үшінші тұлғалар алдындағы төлемдік және басқа міндеттемелерді орындау әдеттегі тәртіпте жүзеге асырылуда.

«Самұрық-Қазына» АҚ бастамасымен шектеуді алып тастау туралы аралық істі қарастыру аясында 2018 жылғы 5-ші қаңтарда Амстердам қ. соты шектеуді сақтау туралы алдын ала шешімді қабылдады.  Амстердам қаласындағы соттың аталған  шешімі ҚМГ Қашаған Б.В.  акцияларына қатысты «Самұрық-Қазына» АҚ құқықтарына қандай да бір қосымша шектеулерді қарастырмайды.