«ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ КӨРСЕТТІ» - ДӘУРЕН КЕРЕЙБАЕВ

«ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ КӨРСЕТТІ» - ДӘУРЕН КЕРЕЙБАЕВ

594

27 Тамыз 2020

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ цифрлық трансформациясының жаңартылған бағдарламасы пандемиялық дағдарыс кезінде өзінің тұрақтылығын көрсетті. Бұл туралы брифинг барысында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев айтты.

Оның айтуынша, цифрландырудың сәтті тәжірибесі бұған мысал бола алады, соның арқасында компаниялар тобында бір мезетте 84% - ға дейін немесе 20 мыңнан астам әкімшілік қызметкер өнімділік пен нәтижелілікке нұқсан келтірмей қашықтан жұмыс істеуге көшірілді.

Д.Керейбаев өткен жылы тұжырымдама жаңартылғаннан кейін трансформация бағдарламасы басқарушылық және өндірістік процестерді қайта құру мен жетілдіруге бағытталғандығын, сондай-ақ компаниялардың негізгі бизнесі, адамдарды дамыту және қауіпсіздік, оның ішінде ақпараттық технологиялар саласындағы жобаларға баса назар аударылғанын атап өтті.

Ол сондай-ақ көптеген адамдардың трансформацияны шығындарды оңтайландыру деп санайтындығын, ал бұл бизнес-процестерді үнемі жақсарту екендігін атам көрсетті.

Нәтижесінде, ағымдағы жылдың өзінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобындағы трансформация жобаларын іске асырудан түскен таза пайда 29 млрд теңгені құрады.

«Компанияның әрбір жобасы қаржылық және қаржылық емес түрде көрсетілген нақты артықшылықтарға ие. 2020 жылдан бастап 2024 жылға дейін біз трансформациядан 130 млрд теңге таза пайда алуды күтеміз. Трансформация-бұл біздің портфельдік компаниялардың бизнесін жақсартудың тұрақты процесі. Бұған процестерді оңтайландыру, технологиялық өзгерістер және инновациялық шешімдер арқылы қол жеткізіледі. Осылайша біз олардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз», - деді Д. Керейбаев

Трансформацияның нақты пайдасы туралы айта келе, Дәурен Керейбаев Қордың бенчмарк бойынша, яғни салыстырмалы әдіс бойынша пайданы есептеуден бас тартқанын атап өтті. Енді әр жобаның қаржылық-экономикалық моделі жасалуда, ол компания мен нарықтың барлық ерекшеліктерін ескереді, қаржы-экономикалық блокпен тексеріледі және есептеулер келісілгеннен кейін ғана компанияның бизнес-жоспарына енгізіледі.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша бізде алты қоржынды компанияларда – «Қазатомөнеркәсіп», «ҚТЖ», «ҚМГ», «Қазпочта», «Самұрық-Энерго» және «KEGOC» компанияларында барлығы 149 жоба мен іс-шара болды. Нақты таза пайда 2018 жылы - 28 млрд теңгені, 2019 жылы - 69 млрд теңгені құрады», - деп атап өтті Д.Керейбаев.

Осындай мысалдардың бірі Big Data технологиясына негізделген Abai зияткерлік жүйесі болып табылады, әзірлеушілер - «ҚМГ Инжиниринг» мамандары. Жасанды интеллект геологтар жіберіп алуы мүмкін мұнай кен орындарын анықтауға көмектеседі. «Интеллектуалды» кен орнының осындай технологиялары қазірдің өзінде «Ембімұнайгаз», «Қазгермұнай», «Өзенмұнайгаз» кен орындарында пайдаланылуда.

Д.Керейбаев қорда жаңа шешімдерді үнемі іздеу механизмі енгізілгенін айтты. Қазіргі уақытта Қордың портфельдік компаниялары 50-ден астам жаңа идеялар мен бастамаларды қарастыруда. Атап айтқанда, кеше «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті, онда цифрлық трансформация бағдарламасына қатысушылардың периметрі алты компанияға дейін ұлғайды.