«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 2020 жылы қаржылық тұрақтылықты арттырды
585
21 Қаңтар 2021
«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның 2020 жылғы жұмысының алдын ала қорытындылары тыңдалды. Мұнай бағасының күрт құлдырауына және OPEC+ келісімінің әсеріне қарамастан, компанияның өндірістік ұжымдары штаттық режимде жұмыс істеді, бұл тұрақты әлеуметтік жағдайды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қаржылық тұрақтылығын сақтап қалды, операциялық және күрделі шығыстарды едәуір қысқартып, борыштық жүктемені 472 млн АҚШ долларына төмендетті, сондай-ақ еурооблигацияларды 907 млн АҚШ долларына қайта қаржыландыруды жүргізді.
Экономикалық дағдарысқа қарамастан, компания қызметі белсенді түрде жалғасты. Мәселен, желтоқсан айында Шығыс Өріктау кен орнында екі ұңғыма тәжірибелік пайдалануға берілді. Маңғыстау облысындағы Шығыс Бектұрлы барлау блогында және Атырау облысындағы С.Нұржанов кен орнында бұрқақты мұнай ағыны алынды. Атырау облысында 2020 жылы 53% -дан 80% -ға дейін өскен газ-химия кешенінің құрылысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.
Ағымдағы жылы компания өзінің күш-жігерін геологиялық барлауға инвестициялар тартуға, ірі жобаларды іске асыруға және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге шоғырландыруға ниетті.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...