«Самұрық-Қазына» АҚ үздік өндіріс иелерін марапаттады

«Самұрық-Қазына» АҚ үздік өндіріс иелерін марапаттады

766

02 Сәуір 2021

«Самұрық-Қазына» АҚ «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы шығарылды. Онлайн форматта Қор тобының өндірістік компанияларының қызметкерлері арасынан үздік мамандар естелік сыйлықтармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Конкурсқа Қордың «Қазақстан темір жолы», «Қазмұнайгаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақтелеком», «KEGOC», «Самұрық – Энерго», «Қазпошта», «Эйр Астана», «Тау-Кен Самұрық», «Біріккен химиялық компания»  және «QAZAQ AIR» өндірістік компаниялары қатысты.

«Самұрық-Қазына»  еліміздің ең ірі жұмыс берушілерінің бірі – шамамен 300 мың қызметкер жұмыс жасайды. «Самұрық-Қазына» 2024 жылға қарай Орта Азиядағы №1 жұмыс беруші болуға, ал 2028 жылға қарай ТМД кеңістігіндегі Үздік 30 жұмыс берушінің қатарына кіруге ниетті екенін айта кеткен жөн.

«Қордың басты капиталы-кадрлар, ал кадрлық тиімділікті сақтау және арттыру - басты басымдық. Қор өз қызметінде шығармашылық әлеуетті ынталандыруға, компанияда ерекше еңбекқорлық мәдениетін қалыптастыруға және өндірістік кәсіптердің беделін арттыруға баса назар аударады», - деді Қордың логистика және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Басқарушы директоры Ержан Тұтқышев

«Үздік маман-2020»  байқауының 1 – орынын қазылар алқасы ұзақ уақыт бойы ауыр дертпен күресіп келген «KEGOC» АҚ сынау және диагностика қызметінің бастығы Андрей Адамовқа қайтыс болғаннан кейін берді. Енді «KEGOC» кәсіпорнында Адамовтардың 160 жылдық еңбек әулетін Андрей Адамовтың ұлы жалғастыруда.

2-орынды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жол шебері Серікбай Бегежанов, 3 - орынды «Қазақтелеком» АҚ инженер - электроншысы және бағдарламашы - жүйе технигі Александр Жданов жеңіп алды. 4 - орынды «Тау-Кен Самұрық» ҰТК»  АҚ инженер-геологы Татьяна Швецова және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ аффинаж зауытының аппараттық гидрометаллургы Нұржан Балатаев тең бөлісті.

Марапаттау рәсімінің соңында Ержан Тұтқышев жеңімпаздарды құттықтап, адал еңбегі үшін алғысын білдірді: «Дәл сіздер  тиімді буын болып табыласыздар, Қордың ауқымды жобаларын іске асыруға белсенді қатысасыз. Еңбексүйгіштік және құлшыныспен сіз «мамандық бойынша үздік»  атағына лайықсыз.