«Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы-2021 жұмысына қатысты
917
05 Маусым 2021
2021 жылдың 2-4 маусымы аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ мен Қордың қоржын компанияларының басшылығы Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумының жұмысына қатысты.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстанда инвестициялар үшін база құру мен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға өзара тиімді келісімдер мен келісімшарттарға қол қойылды.
Ресейлік форум шеңберінде федералды органдардың, шетелдік және ресейлік компаниялар мен бизнес құрылымдардың басшылығымен нәтижелі кездесулер өткізілді.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Татарстан Республикасының Премьер-Министрі Алексей Песошинмен кездесу өткізіп, онда тараптар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Татнефть» ПАҚ арасындағы ынтымақтастықтың мұнай-газ саласындағы оң динамикасын және серіктестік қатынастардың дамуын атап өтті.
«Самұрық-Қазына», РОСАНО және «Синтез ОКА» компаниялар тобы арасында ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы шағын және орта тонналық мұнай-химия саласында инвестициялық алаң құру туралы үшжақты келісім жасалды.
«Сибур Холдинг» ПАҚ-мен жасалған келісім «Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенін салу» жобасын жүзеге асыруға жағдай жасайды.
«Шеврон» корпоративті бизнесті дамыту жөніндегі вице-президенті Джей Прайормен кездесуде тараптар Қазақстандағы ірі халықаралық мұнай-газ жобаларын іске асырe мәселелерін талқылады.
«ЛУКОЙЛ» ЖАҚ Президенті Вагит Алекперовпен келіссөздер нәтижесінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен «Әл-Фараби» ЖШС-нің 49,9% үлесін сатып алу-сату туралы келісімге қол қойылды, бұл стратегиялық серіктестің жобасына кіруді қамтамасыз етеді.
Форум аясында Қазақстан мен Ресейдің пошта байланысының басшылары трансшекаралық электронды сауданың дамуына оң әсер ететін халықаралық пошта жөнелтілімдері мен сақталуына байланысты транзиттік логистикалық шешімдер саласындағы ынтымақтастық туралы келісті.
«Самұрық-Қазына» Қоры серіктестік қатынастарды кеңейту үшін форум алаңын тиімді пайдаланды. Екібастұз көмір кен орындарын тұрақты пайдалану мәселелері «Русал» БК өкілдерімен кездесудің тақырыбы болды. Фин компанияларымен ортақ жұмыс үшін перспективалық бағыттары Финляндияның ынтымақтастықты дамыту және сыртқы сауда министрі Вилле Скиннаримен келіссөздер барысында қарастырылды.
Сонымен қатар, қазақстандық тарап «Qatar Investment Authority» Бас атқарушы директоры Мансур бин Ибрахим Аль-Махмудпен инфрақұрылым, логистикалық жобаларға, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, активтерді жекешелендіру бағдарламасына қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс департаменті
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...