«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен импортты алмастыру бағдарламасы бойынша +54 жоба және 2 мыңнан астам жұмыс орны
1104
14 Маусым 2021
«Самұрық-Қазына» АҚ импортты алмастыру бағдарламасы 220 миллиард теңге инвестиция көлемінде 54 жаңа жобасын іске асыру арқылы өнеркәсіп саласында 2 мыңнан астам жұмыс орнын құруды қамтамасыз етті.
2018 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ жаңа өндірістер құруды ынталандыратын импортты алмастыру бағдарламасын жүргізіп жатыр.
Отандық бизнеске, ұзақ мерзімді оффтейк-шарттар негізінде, кейіннен Қордың компаниялар тобы сатып алатын, жаңа өнімдерді шығару ұсынылады.
Импортты алмастыруға арналған тауарлардың мақұлданған Пулы жалпы құны 323 миллиард теңгені құрайтын 707 тауарлық тауардан тұрады.
Жалпы сомасы 77 млрд.теңге құрайтын 106 оффтейк-шарт жасалды.
2021 жылдың маусым айы бойынша, импортты алмастыратын өнім өндірісін құрған кәсіпорындар бюджетке салық түрінде 18 миллиард теңге төледі.
Сонымен қатар, жалпы сомасы 2,2 млрд.теңгеге 2 ниет туралы меморандумына қол қойылды («KEGOC» АҚ-ға трансформаторлар және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның вагондарына сигнализация жеткізу).
Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын жаңа өндірістердің бағдарламаларын қолдау үшін қазақстандық кәсіпкерлер мен өндірушілер бағдарламаға қатысуға өтініш бере алатын svoyzavod.kz сайты ашылды.
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс департаменті
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...