Түркістан облысының әкімдігі мен «Cамұрық-Қазына» АҚ бірлескен жобаларды талқылады
778
26 Маусым 2021
Түркістан облысының әкімі мен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі бірлескен жобаларды талқылады.
Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» тобының портфельдік компаниялары газдандыру, электр энергетикасы, электрондық коммерция, пошта қызметтері, ақпараттық және коммуникациялық инфрақұрылым салаларындағы бірқатар жобаларды іске асыруда.
Әлеуметтік саланы дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Алдағы бірлескен бастамалар арасында инклюзияны қолдау ресурстық кабинетін жабдықтау, көпфункционалды спорт кешендерін салу, «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жоғары жылдамдықты теміржол магистралін салу және басқа да бірқатар жобалар талқыланды.
Өңір басшысының айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры Түркістандағы бірнеше әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылысын қамтамасыз етті.
«Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында Қор еліміздің рухани астанасының дамуына барынша үлес қосты», - деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.
Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» қоры өткен жылы бес әлеуметтік маңызды объектіні: Қ.А. Яссауи мұражайын, 7000 орындық стадионды, Оқушылар сарайын, Конгресс-холлды және «Қазпошта» АҚ облыстық бөлімшесінің ғимаратын облыс әкімдігіне өтеусіз негізде берді.
2019 жылы Қордың компаниялар тобы Арыс қаласын қалпына келтіруге белсенді қатысты. 68 әлеуметтік инфрақұрылым объектісіне жөндеу жүргізіліп, салынды, оның ішінде 16 мектеп, 36 балабақша, 8 денсаулық сақтау объектісі, 4 спорт объектісі, колледж, теміржол вокзалы, Даңқ аллеясы және орталық алаң.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...