«Самұрық-Қазына» АҚ-на Caspian Policy Center делегациясы келді
1124
14 Шілде 2021
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ-нда Caspian Policy Center зерттеу орталығының делегациясымен кездесу өтті.
Тұрақты даму басымдықтары, энергоауысу және инвестициялық стратегиялармен қатар пандемия жағдайында Қор тарапынан қабылданған ұтымды шаралар әңгімеге арқау болды.
«Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері шетел сарапшыларына шығындарды оңтайландыруға бағытталған шаралар туралы айтып берді. Соның арқасында Қордың портфельдік компанияларында 2020 жылы жұмыс күші қысқартылмай, әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз етілді.
Кездесуде сонымен қатар Қорды дамытудың негізгі басымдықтары, соның ішінде ESG қағидаттарын енгізу талқыланып, тараптар ынтымақтастығын нығайтудың жаңа мүмкіндіктері пысықталды.
Ақпарат үшін:
Caspian Policy Center – тәуелсіз коммерциялық емес зерттеу орталығы. Штаб-пәтері АҚШ-тың Вашингтон қаласында орналасқан. Орталық Каспий маңындағы мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігі, экономикалық, саяси, әлеуметтік дамуы мәселелерін зерттейді.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Rwanda Mines, Petroleum and Ga...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Samruk Swim Team» құрамасын жүзуден турнир...
{{ $t('messages.news1') }}
«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...