«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында қызметкерлердің жартысынан көбі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында қызметкерлердің жартысынан көбі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алды

632

12 Тамыз 2021

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы компаниялар тобының қызметкерлері жаппай егу науқанына белсенді қатысып келеді. 10 тамызға дейін коронавирустық инфекцияға қарсы екпенің бірінші компонентін 184 594 адам (бұл дегеніміз қызметкерлердің 67,1%) салдырды.

COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі компонентін толық салдырған 138 652 қызметкер, бұл ортақ ұжымның 50,4% құрайды.                                    

Бұл көрсеткіштер «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің жартысынан көбі коронавирусқа қарсы екпені салдырғанын айғақтайды.

Осы жылдың сәуір айында «Самұрық-Қазына» қоры мен портфельдік компанияларда #менекпеалдым #я_вакцинировался шарасы өтті. Оның аясында топ-менеджерлер алғашқылардың бірі болып вакцина салдырып, өзгеге үлгі көрсетті. Сонымен қатар, қаупсіздік шаралары да одан әрі күшейтілді. Корпоративтік орталықтағы қызметкерлердің 80% қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті.

Компаниялардағы екпенің бірінші компонентін салдырғандар туралы ақпарат:

- "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ - 110 846 қызметкердің 79 481-і (72%)

- "Қазақтелеком" АҚ – 20 604 қызметкердің 16 032-і (79%)

- "Қазпошта" АҚ - 20 339 қызметкердің 13 225-і (65%)

- "ҚазМұнайГаз" ҰК" - 62 600 қызметкердің 28 039-ы (45%).

- "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ - 19 089 қызметкердің 15 032-і (79%)

- "Самұрық -Энерго" АҚ - 16 969 қызметкердің 13 275-і (78%)

- "ҚазТрансГаз" АҚ - 12 617 қызметкердің 10 843-і (86%)

- "Эйр Астана" АҚ – 5 355 қызметкердің 3 713-і (69%)

- "KEGOC" АҚ - 4624 қызметкердің 3 592-і (78%)

- "Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ - 863 қызметкердің 656-ы (76%)

- "QazaqAir" АҚ - 281 қызметкердің 164-і (58%)

- "Samruk-KazynaConstruction" АҚ - 80 қызметкердің 76-ы (95%)

- "Бірлеске химиялық компания" ЖШС - 642 қызметкердің 333-і (52%).