Қазақстан ірі Катарлық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейте түспек

Қазақстан ірі Катарлық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейте түспек

770

23 Тамыз 2021

"Самұрық-Қазына" Қорының ұйымдастыруымен Қазақстан-Катар іскерлік кеңесінің отырысы өтті. Басқосуға Қазақстан және Катардың ірі компанияларының басшылары, ҚР Үкіметінің мүшелері, мемелекеттік ведомстволар мен қаржылық институттарының өкілдері қатысты.

Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов басқарып барды. Ол катарлық ірі компаниялардың басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді. Іскерлік кеңес отырысында сөз сөйлеген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Қазақстан мен Катар арасындағы мемелекетаралық байланыстардың кеңейіп, тереңдеуіне жеке сектор да сүбелі үлес қосқанын тілге тиек етті. 

"Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан мен Катар арасындағы іскерлік қатынастар жаңа, сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. 

Қор басшысы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтудің бағыттарын айқындады:

- Ең алдымен Катар инвестициялық Қорымен энергетика, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, коммерциялық жылжымайтын мүлік пен жекешелендіруге жататын активтер салаларындағы ынтымақтастыты нығайту.
- Екіншіден, тау-кен секторы, өнеркәсіп пен инфрақұрылым, құрылыс, туризм, агротехнологияларды дамыту салаларында көпжақты форматтағы ынтымақтастық негізінде ірі жобаларды іске асыру.   
- Үшіншіден, әлеуметтік маңызы бар бағыттарда - мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау сияқты салалардағы ынтымақтастықты нығайту. 

изображение_2021-08-23_114947.png

Сауда-экономикалық әріптестіктің нәтижелеріне тоқталған Қордың Басқарма төрағасы Катар біздің еліміздің маңызды экономикалық серіктесі екенін ерекше атады. Қазіргі таңда Қазақстанда катарлық капиталдың қатысуымен жалпы құны 125 млн

АҚШ долларын құрайтын 3 жоба жүзеге асырылып жатыр:

- Алматы облысында «Qatar Development Bank» қатысуымен перинаталдық орталықтың құрылысы,
- «Barzan Holdings» қатысуымен "Матыбұлақ" әскери дайындық орталығының инфрақұрылымын жетілдіру жобасы,
- «Al Rayan Investment»-пен бірге "Астана Халықаралық Қаржы Орталығының алаңында тәуелсіз Катарлық банктің ашылуы.

Шара аясында катарлық компаниялардың өкілдері сөз сөйлеп, екі ел арасындағы іскерлік қатынастарды дамыту туралы ойларымен бөлісті. Қазақстан-Катар Іскерлік кеңесінің тең-төрағасы Мохаммед бин Ахмед Аль-Обайдли "Самұрық-Қазына" Қорымен бірлескен инвестициялық жобаларға қолдау білдіріп, Катар тарабы оларды іске асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.