«Самұрық-Қазына» басшысы бизнес өкілдерімен кездесті

«Самұрық-Қазына» басшысы бизнес өкілдерімен кездесті

1188

27 Қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» Қорының басшылығы кәсіпкерлермен сатып алу мәселелері бойынша онлайн кездесу өткізді. Іс-шараға 200-ден астам бизнес өкілдері, Қор және портфельдік компаниялардың басшылары қатысты.

Онлайн кездесуге қатысушылар Қордың сатып алу жүйесінің отандық өндірушілерді қолдайтын тұстарын атап өтті. Кәсіпкерлердің айтуынша, мемлекеттік сатып алу жүйесі Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Евразия экономикалық ынтымақтастық ұйымының талаптарына сәйкес құрастырылған және жергілікті өндірістің дамуына септігін тигізбейді. Ал «Самұрық-Қазына» сатып алу жүйесі қазақстандық үлестің артуына жағдай жасайды.

Бұған қоса, бизнесмендер сатып алу жүйесін ұзақ мерзімді келісім-шарттарды қолдау, әділ баға қалыптастыру, баға мен сапаның сәйкес келуі, әрі, бағаға қарағанда сапаға басымдылық беру жөнінде түрлі ұсыныстарын айтты. «Самұрық-Қазына» Қорының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев әрбір сұраққа жауап беріп, барлық ұсыныстар сарапталып, топтастырылып, Қор мен портфельдік компаниялардағы сатып алулардың жаңа ережелері қабылданғанда ескерілетінін жеткізді.

Бейнежазбаны мына сілтеме бойынша көруге болады.

Ұсыныстар мен сыни пікірлер сонымен қатар usynys@sk.kz электрондық поштасына түсіп жатыр.