Реформалар жөніндегі Жоғары кеңес «Самұрық-Қазына» АҚ реформалау бағдарламасын бекітті
1140
03 Наурыз 2022
2022 жылғы 3 наурызда Ақордада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары кеңестің отырысында «Самұрық –Қазына» қорын жаңғырту мәселесі талқыланды. Отырысты Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізді.
Алмасадам Сәтқалиев Қорды реформалау жоспарларына тоқталып, бағдарламаның негізгі басымдықтарын атап өтті.
«Самұрық –Қазына» АҚ жаңғырту негізінде сатып алу процесі ашық болады, нарыққа қатысушылар үшін мұнай, газ, көмір, электр энергиясын өңдеу мен өткізудегі кедергілер жойылады. Кадр саясаты қайта қаралып, оның ішінде басқару персоналын оңтайландыруда.
Қордың «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» АҚ сияқты компаниялары IPO-ға шығарылады, соны жүзеге асыру арқылы «Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 500 млрд теңге төлем жасайды.
Бағдарлама бойынша 8 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға жоғары сапалы инвестиция тартылмақ. Жалпы құны 4 триллион теңгені құрайтын 24 жаңа өндіріс іске қосылып, 5 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Алмасадам Сәтқалиев өз сөзінде атап өткендей, бағдарлама елдегі және әлемдегі қазіргі экономикалық жағдайдың барлық мәселелерді ескере отырып түзілді. Қор құрылымына кіретін әрбір портфельдік компания бойынша қызмет тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді. Жеткізу жолдары оңтайландырылған. Мәселен, тек электр энергиясын сатып алу механизмінде 44 делдалмен келісім-шарт тоқтатылған. Бұл процедураның экономикалық тиімділігі биылдың өзінде 2 миллиард теңгеден асады. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы сонымен қатар, отандық бизнесті қолдау алдағы уақытта да Қор қызметінің басты бағыттарының бірі болатындығын, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру тұрақты түрде жалғасатындығын атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған реформалар жөніндегі Жоғары кеңес, ел экономикасындағы ең маңызды реформаларды бекітеді. Қордың халық шаруашылығы саласы үшін түбегейлі маңыздылығы ескеріле отырып, «Самұрық-Қазына» қорын реформалау жоспарлары тікелей Жоғары Кеңесте бекітіледі.
фото: www.akorda.kz
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...