«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәртібін бекітті

«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуды жүзеге  асырудың жаңа тәртібін бекітті

1336

04 Наурыз 2022

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 3 наурызда өткен отырысында, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әзірленген Сатып алуды жүзеге асырудың жаңа тәртібі бекітілді.

Жаңа Тәртіптің жобасы «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ҚР Қаржы министрлігімен келісілді.

Жобаны әзірлеу барысында Қор ҚР Қаржы министрлігімен,
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қоғамдастықпен құжатты талқылап, консультациялар жүргізді. Соның нәтижесінде құжатта мемлекеттік органдардың негізгі ескертпелері мен бизнес-қоғамдастықтың сындарлы ұсыныстары ескерілді.

Жаңа Тәртіпте басқа құжаттарға сілтеме көрсетілмей, барлық сатып алу рәсімдерінің сипаттамасы қамтылған және тікелей қолданылатын құжат екенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүзеге асырудың негіздемелері айтарлықтай қысқартылды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтарды жұмылдыра отырып, сатып алуды санаттық басқару және алдын ала білікті іріктеу процесінің ашықтығы арттырылды, отандық тауар өндірушілерді және ШОБ субъектілерін қолдаудың жаңа шаралары енгізілді.

Сонымен қатар, сатып алу процесін жетілдіру мақсатында, Қор тиісті мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, республикалық ауқымда барлық реттелетін субъектілердің сатып алуын реформалау процесіне белсене қатысуды жоспарлап отыр.