«Самұрық-Қазына» қорының реформалау процесстеріне қатусыға шақырамыз

«Самұрық-Қазына» қорының реформалау процесстеріне  қатусыға шақырамыз

1487

05 Наурыз 2022

Дәл қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» Қорының қызметін реформалаудың ауқымды процесі басталып кетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша арнайы бағдарлама да әзірленді. Бағдарламада «Самұрық-Қазына» АҚ жұмысының ел экономикасы үшін маңызды бағыттары айқындалған. Бұл сатып алу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету, нарық субъектілерінің мұнай, газ, көмір, электр энергиясын өңдеу және өткізудегі кедергілерді жою, жаңа кадр саясатын жүргізу мен басқару персоналын оңтайландыру.

Бағдарламаны ҚР Президенті жанындағы реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңес бекіткен. Сонымен бірге, ел тұрғындарының да Қор жұмысын одан әрі жақсарту туралы идеялары бар екеніне сенімдіміз.

Самұрық-Қазына қорының Қоғамдық Кеңес төрағасы Болат Жәмішев: «Біз Қордың қоғаммен игілікті ортақ істе бірлесу тарихының жаңа бетін ашып отырмыз. Бұл жұмысқа азаматтар белсене атсалысып, өз ойларын, ұсыныстарын, жауаптары мен ескертулерін жолдайтынына сенемін», - деп атап өтті.

Қордың ресми сайтын ашып «Қоғамдық кеңес – Кеңес қызметі» бетінде «Самұрық-Қазына» АҚ реформасының негізгі бағыттары бойынша өз пікіріңізді білдіріп, ұсыныстарыңызды жіберуіңізге болады. Сіз өз ұсыныстарыңызды 10 жұмыс күні ішінде, 2022 жылдың 18 наурызына дейін бере аласыз. Ал талқылау нәтижелері мен ең маңызды ұсыныстар назарға алынып, 2022 жылдың 20 сәуіріне дейін қосымша жарияланады.