Әлеуметтік серіктестікті дамыту. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Әлеуметтік серіктестікті дамыту. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Атырау облысының әкімдігі әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

1201

17 Наурыз 2022

Атырау қ. 2022 ж. 16 наурызы Атырау облысына «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов, әлеуметтік және еңбек қатынастары секторының меңгерушісі Қадырбек Егізбаев және Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының бас директоры Елдос Өмірзақов бастаған делегациясы келді.

Қор басшылығы облыс Әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбековпен кездесіп, «Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестікті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы» Меморандумға қол қойды. Бұл құжат бойынша бұдан былай Қордың портфельдік компанияларында туындайтын проблемалық мәселелер, әсіресе қызметкерлер мен топ-менеджерлер арасындағы еңбек даулары тікелей Басты мекеме назарында болатындығы және назарда ұсталатындығын көрсетеді.

attachment (1).jpeg

«Самұрық-Қазына» АҚ осындай мәселелердің барлығына қатысып, жергілікті атқарушы билікпен бірлесе отырып, туындаған еңбек дауларын шешуге тікелей атсалысатын болады. Мұндай жағдайларды талқылау және талдау ашық өтеді. Сонымен қатар, Қор басшылығы және Атырау облысы Әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков қол қойған құжат әлеуметтік-еңбек саласын тиімді дамытуға және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында әзірленген. Қор әкімдікке, жұмыс берушілер қауымдастығы мен ірі өндірістік компаниялардың өкілдеріне, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарына «Әлеуметтік тұрақтылық индексін» анықтау тәжірибесін таратуда қолғабыс көрсетуге міндеттенді. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ «Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі» жобасы аясында кәсіподақ жетекшілері мен келісім комиссияларының өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізеді.

Бұдан бөлек, «Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, Атырау мұнай өңдеу зауыты, «Теңізшевройл» және «НКОК» компанияларының қызметкерлерімен де кездесті.