«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы Президенттің жастар кадрлық резервімен кездесті

«Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы Президенттің жастар кадрлық резервімен кездесті

1131

10 Сәуір 2022

Резервшілер Қордың Нұр-Сұлтандағы штаб пәтеріне шақырылды. Кездесудің негізгі мақсаты - Жаңа Қазақстанның қазіргі заманның жедел өзгеретін шарттарына тез үйренісетін жоғары білікті мамандарға сұранысы.

«Самұрық-Қазына» Басқарма Төрағасы Алмасадам Сатқалиев кездесуді «энергия мен интеллектуалды күш беруші» деп атады. Ол резервшілерге жедел қабылданған реформалар туралы айтып, Қор жұмысына қатысты сауалнама жүргізді. «Самұрық-Қазына» басшысының айтуынша, «келешекте Қор мемлекет пен халықтың, болашақ ұрпақтың пайдасы үшін жаңартылмайтын ресурстар экспортынан түсетін кірісті реттеу алаңына» айналуы тиіс.

Қазіргі таңда дамудың негізгі драйвері - адамдар, адами капитал, олардың бастамалары. Сондықтан ПЖКР біз үшін қызық, - деп атап өтті Алмасадам Сатқалиев. - Жаңа адамдар - жаңа философия мен ойлау жүйесінің иелері, олар ESG, әлеуметтік жауапкершілік, жаңа корпоративті басқару сұрақтарына көбірек назар аударады. Оның барлығы Жаңа Қазақстан құру жолында маңызды. Сондықтан ойларыңызды көпшіліктің алдында айтуға қорықпаңыздар. Біз бұған қашан да қолдау білдіреміз!»

Қор басшылығы мен еншілес компаниялардың жетекшілері резервшілер кездесуде ұсынған жобалар мен бастамалармен танысып, сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға қатысушылар кофе-брейк кезінде бейресми форматта да тілдесе алды. 


Анықтама:

«Самұрық-Қазына» тобы - Қазақстандағы ең ірі жұмыс беруші. Қор мен еншілес компанияларда 240 мыңнан астам адам қызмет етеді. Қызметкерлердің жартысына жуығы - 35 жасқа толмаған жастар.

«Самұрық-Қазына» тобында ПЖКР-нің 33 резервшісі еңбек етеді, олардың сегізі - Қордың өзінде жұмыс істейді. 11 резервшінің қызметі жоғарылап үлгерді. Үш резервші - Ернат Бердіғұлов, Ернар Жанаділ, Ғибрат Ауғанов - Қордың басқарушы директорлары. Үшеуі де бүгінгі кездесуге қатысты.