«Самұрық-Қазына»: кәсіподақ көшбасшылары – жаңа болмыс

«Самұрық-Қазына»: кәсіподақ көшбасшылары – жаңа болмыс

1247

19 Тамыз 2022

19 тамызда Алматы қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебінің түлектеріне курсты бітіргені туралы сертификаттарды тапсыру рәсіміне қатысты.

«Самұрық-Қазына» АҚ Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі – жаңа формациядағы кәсіби кәсіподақ қызметкерлерін дамытуға бағытталған кешенді білім беру жобасы. Жобаны бес жылдан астам уақыт бойы «Самұрық-Қазына» АҚ Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы іске асыруда.

Бүгінде Қор компаниялары тобының жұмыс берушілері кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне, ал қызметкерлерінің құқықтары жоғары деңгейде қорғалуына мүдделі. Ол үшін диалог қажет. Кәсіподақтар диалог алаңының керемет үлгісі болып табылады. Бұл әлемдік тәжірибеде көп рет расталған. Сондықтан оқу бағдарламасында жанжалдарды басқару, медиация, тиімді коммуникация психологиясы, ұжымдық шартты қалыптастыру сияқты әдістерге баса назар аударылады. Кәсіподақ құрудың қадамдық алгоритміне және ұжымдық шартты қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.

«Кәсіподақ белсенділерінің корпоративтік мектебі даулы жағдайлардың салдарымен күресудің орнына, олардың пайда болуын болдырмауға үйретеді. Мектеп бағдарламасында бүгінде сұранысқа ие – медиация бағыты да бар. Өздеріңіз білетіндей, биыл наурыз айында «Самұрық-Қазына» АҚ медиаторлар пулының жобасы іске қосылды. Оқу Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өтті. Қор тобының әртүрлі еншілес компанияларынан 102 қызметкер оқып шықты. Біздің осы бағыттағы жұмысымыздың түпкі мақсаты – Қордың компаниялар тобының әрбір кәсіпорнында қақтығыстарды дер кезінде анықтауға және шешуге қабілетті өзінің сертификат алған келіссөз жүргізушінің пайда болуы», - деп есептейді Ғибрат Ауғанов.

2018-2021 жылдар кезеңінде Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы бүкіл Қазақстан бойынша Қор компаниялары тобының 300-ден астам кәсіподақ қызметкерлерін оқытып шығарды. 2022 жылғы 19 тамызда тағы 80 кәсіподақ көшбасшысы оқуын аяқтады.