Қостанай облысындағы өрт. «Самұрық-Қазына» қоры өңір тұрғындарына көмек көрсетуде
329
07 Қыркүйек 2022
Қостанай облысында 2 қыркүйек күні түстен кейін басталған орман өртінің жалыны елдімекендерге жайылды. Жүздеген үй өрт құрсауында қалып, кейбірі зақымданды, 2 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды. Өрт 43 мың гектардан астам аумақты шарпыды. Жекелеген учаскелерде өрт сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Өкінішке орай, зардап шеккендер баршылық:
12 адам түрлі жарақат алып, денелерін күйік шалған, біреуі қайтыс болды.
«Самұрық-Қазына» қоры тобының компаниялары шеттеп қалмай, зардап шеккендерге қол ұшын беруде.
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары
Апаттың алғашқы сағаттарынан бастап, өртті сөндіруге 250 теміржолшы тартылды. Қазір оқиға орнында бес өрт сөндіру пойызы және 280 теміржолшы жұмыс істеп жатыр, олар өрт сөндіру командаларын сумен жабдықтап, инфрақұрылым объектілерін өрттен қорғауды жалғастыруда. Осы күндері пойыздар Төтенше жағдайлар министрлігінің 200-ден астам машинасын сумен қамтамасыз етті.
Гуманитарлық көмек жеткізу
«Қазпошта» АҚ еріктілер жинаған гуманитарлық жүктерді өз есебінен Нұр-Сұлтан қаласынан Қостанайға және одан әрі неғұрлым зардап шеккен Әулиекөл ауданына тасымалдауда. 6 қыркүйекте магистралды тартқыштар астанадан 6 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жеткізді.
Жақын адамдармен байланыс жасау
«Қазақтелеком» АҚ Әулиекөл ауданының тұрғындарын жыл соңына дейін байланыс үшін абоненттік төлемнен толық босатты. Неғұрлым көп зардап шеккен үш ауылдың (Аманқарағай, Озерное, Лесное) тұрғындарының барлық берешектері қосымша есептен шығарылды. Компания өрттен зардап шеккен барлық телекоммуникациялық жабдықтарды тегін ауыстырып, зақымдалған байланыс желілерін қалпына келтіреді.
Кезектен тыс гранттар
«Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қоры Қостанай облысының КЕҰ үшін зардап шеккендерге көмек көрсету үшін әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға кезектен тыс гранттар жариялады. Қор өңір тұрғындарының нақты мұқтаждықтары туралы басқалардан жақсы білетін қостанайлық белсенділердің кез келген ұсыныстарын қабылдайды.
Ардагерлерге көмек
«Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қоры ұсынған «Жеңіс» қайырымдылық жобасы аясында еріктілер Қостанай облысындағы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетеді. Зейнеткерлерге азық-түлік пен қажетті заттар жеткізіледі.
Медициналық көмек
11 қыркүйектен бастап «Samruk-Kazyna Trust» қоры іске қосқан «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қостанай облысына барады. Қыркүйек айының соңына дейін дәрігерлер 9 станция тұрғындарына көмек көрсетеді.
Мұнайшыларды қолдау
«Қайырымдылық KZ» өрттен зардап шеккендерге арналған бірыңғай қор есебіне «Қаражанбасмұнай» компаниясының басшылығы және көмектесуге ниет білдірген қызметкерлер бір күндік жалақыларын аударды.
{{ $t('messages.news1') }}
Серіктестіктің барлық бағыттары бойынша оң динамика: Қор басшысы Қытай...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» қорында алғаш рет қысқы Спартакиада өтті
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
{{ $t('messages.news1') }}
Ынтымақтастық туралы келісім және атом саласындағы меморандум: «Самұры...