«Самұрық-Қазына» сарапшылары Ақтөбе облысының мұнайшыларымен IPO мәселелері бойынша кездесулер өткізді

«Самұрық-Қазына» сарапшылары Ақтөбе облысының мұнайшыларымен IPO мәселелері бойынша кездесулер өткізді

519

30 Қыркүйек 2022

Ақтөбе облысында «Самұрық-Қазына» қорының жекешелендіру және IPO бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулері 28-30 қыркүйек аралығында өтуде.

IMG_3500.JPG

Қордың, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, KASE және AIX биржаларының сарапшылары, сондай-ақ брокерлік ұйымдардың өкілдері
29 қыркүйекте Қандыағаш қаласының тұрғындарымен, сондай-ақ Әлібекмола мұнай кен орнының («Қазақойл Ақтөбе» ЖШС) қызметкерлерімен көшпелі кездесулер өткізді. Кен орнында өткен екінші кездесудің ерекшелігі оған Қожасай кен орны қызметкерлерінің («Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Қазақтүрікмұнай» ЖШС) бейнеконференц-байланысы арқылы қосылуы болды.

IMG_3569.JPG

Мұнайшылар акцияларды сатып алуға қатысудың әділ шарттарына аса қызығушылық танытты. Қор портфелінде IPO тізімінде бірінші болып елдің мұнай саласының флагманы – Қордың дайындалған активі ретінде ҚазМұнайГаз компаниясы тұр. Компанияның IPO-ға шығуына мұнай бағасының жоғары жоғары болуы да ықпал етеді.

IPO-ның басталуы туралы уақтылы хабарлау және акцияларды сатып алу туралы ойластырылған шешім қабылдауға мүмкіндік беру үшін тиісті уақыт беру мәселесі көтерілді. Жұмысшылар миноритарлық акционерлердің құқықтары, акцияларға мұрагерлік құқықтардың ауысу шарттары туралы сұрады.

Қарапайым қала тұрғындары — мұғалімдерді, дәрігерлерді, зейнеткерлерді және халықтың әртүрлі топтарының өкілдерін бағалы қағаздармен жұмыс істеудің нақтылығы қызықтырды.

Кездесуге қатысушыларға акцияларға ақша салудың нарықтық тәуекелдері бар екені ескертілді, мысал ретінде жылжымайтын мүлікке қаражат салу тәуекелі айтылды. Бұл банктік депозит емес, демек, мемлекет кепілдік берген табысқа уәде беру мүмкін емес.

«Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және жоспарлау департаментінің директоры Мират Өтепов «ҚазМұнайГаз» компаниясының IPO мерзімі бойынша шешім әлі пысықталып жатқанын атап өтті.

«Акцияларды сату туралы, сондай-ақ бір акцияның бағасы және шарттары немесе баға диапазоны туралы қорытынды шешімді ҚР Үкіметі әлеуетті сұранысты және нарықтық жағдайларды алдын ала бағалауды ескере отырып, қабылдайтын болады. Әзірге шешім қабылданған жоқ. Акцияларды сатып алу барлық қазақстандық жеке инвесторларға қолжетімді болады деп жоспарлануда», — деп түсіндірді Мират Өтепов.

KASE және AIX өкілдері кездесу қатысушыларына қор биржасының қалай жұмыс істейтінін, оның IPO ұйымдастырудағы рөлі, бұрын KASE-де өткізілген IPO-ның табысты мысалдары, қаржы құралдары туралы әңгімелеп берді. Брокерлер мобильді қосымшалар арқылы акцияларды сатып алу алгоритмдерімен бөлісті. ҚазМұнайГаз компаниясының спикері компанияның қызметі туралы айта келіп, отандастарды алаяқтардың айла-амалдарынан сақ болуға және тек ресми көздер мен лицензияланған брокерлерге сенуге шақырды.

2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік. IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

Анықтама үшін: 

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде 6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.