«Самұрық-Қазына» қоры еліміздің солтүстік өңір тұрғындарына IPO бағдарламасын таныстырды

«Самұрық-Қазына» қоры еліміздің солтүстік өңір тұрғындарына IPO бағдарламасын таныстырды

536

30 Қыркүйек 2022

Еліміздің солтүстік аймақтарына жол тартқан  «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жекешелендіру бағдарламасы мен IPO бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы қыркүйектің 30-ы күні өз жұмысын аяқтады.

«Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазпошта» АҚ, AIX және KASE қазақстандық қор биржаларының және брокерлік-дилерлік ұйымдардың өкілдері 2022 жылдың 19-30 қыркүйек аралығында Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Петропавл облыс орталықтарына және бірқатар шағын қалаларға барды.  Жергілікті халықпен, бизнес өкілдерімен, ұстаздармен, медицина қызметкерлерімен, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, ГРЭС-2, «Қазақтелеком» АҚ, «QazaqGaz» АҚ, ERG және басқа да өндіріс нысандарының ұжымдарымен кездесті.

IMG_20220927_111055.jpg

Сарапшылар жұртшылықты Қордың жекешелендіру бағдарламасының және портфельдік компаниялардың IPO-ның іске асырылу барысымен, соның ішінде бірінші IPO-кандидаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниясына қатысты негізгі ақпаратпен таныстырды.

Сарапшылар мен брокерлік ұйымдардың өкілдері Қордың ағымдағы IPO бағдарламасының артықшылықтары туралы айтып берді. Айталық, бағдарламаға Қазақстан Республикасының азаматтары және резиденттерімен қатар институционалдық және халықаралық инвесторлар қатыса алады. 

Кездесулерге жиналғандар да белсенділік танытып, сұрақтарын қойды. Оларға акцияларды кімнен сатып алуға болатынын, алаяқтардың әрекеттерінен қалай қорғану керектігі түсіндірілді.

IMG_20220927_110218.jpg

«Жекешелендіру, жоспарланып отырған IPO және акцияларды инвестициялау бойынша Қазақстанның әр аймағында жүргізілген ақпараттық-білім беру бағдарламасының нәтижесінде халықтың инвестициялық сауаттылығы арта түсті деп ойлаймын.  Халықтың қызығушылығы, белсенді қатысуы, тәжірибесіз азаматтардың сұрақтары спикерлер командасын кейде ыңғайсыз сұрақтарға дұрыс жауап табуға, ақпарат ағынын дұрыс басқаруға, инвестициялардың тартымдылығы мен тәуекелдері туралы не білу керектігін үйретуге шабыттандырды», - деп атап өтті «SkyBridge Invest» АҚ Басқарма төрағасы Шолпан Айнабаева. 

«Самұрық-Қазына» АҚ Қаржы-экономикалық активтерді басқару стратегиясы департаментінің аға менеджері Қанат Абрахмановтың айтуынша, еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықтың әртүрлі топтары арасында үлкен қызығушылық тудырды. «Ең белсенді қатысушылар студенттерден құралған жастар да, өз болашағын ойлап жүрген жас қызметкерлер де, 50 жастан асқан аға буын өкілдері де акцияларды немерелеріне немесе балаларына мұрагерлікке беру мүмкіндігі туралы сұрақтар қойды. Бұл ақпараттық науқанның халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және инвестициялық мәдениетін дамыту үшін пайдасы зор деп есептеймін», - деп өз ойымен бөлісті.

Айта кетейік, 2022 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында еліміздің 60-тан астам қаласында тұрғындармен, компания қызметкерлерімен және өндірістік объектілердің жұмысшыларымен осындай кездесулер өткен болатын.

IPO және Қордың жекешелендіру бағдарламасы туралы ipo.sk.kz мамандандырылған интернет-ресурсынан толығырақ білуге болады.

Анықтама үшін:

2025 жылға дейін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 7 ірі активі, оның ішінде
6 актив IPO арқылы бәсекелес ортаға ішінара шығарылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ IPO-сы биылға жоспарланған. AIX және KASE алаңдарында орналастырылады.