«Самұрық-Қазына» жастары Түркістанда бас қосты

«Самұрық-Қазына» жастары Түркістанда бас қосты

474

13 Қараша 2022

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының жастары киелі Түркістанда бас қосты. Қор осыдан үш апта бұрын жас мамандарға арналған «Жас Самұрық» челленджін бастаған болатын. Шараға компаниялар тобынан 2000-ға тарта үміткер қатысуға ниет білдірді. Жас мамандар осы аралықта физикалық, эмоционалдық және зияткерлік бағыттар бойынша жеке тапсырмаларды орындады. Челлендж қорытындысы бойынша 200-ге жуық маман жастар форумына шақырту алды.

9me720u22288u4e2ir4m4ghfelx50old.jpg

Қасиетті Түркістан жеріндегі шараға әр өңірден келген 77 компанияның өкілі қатысты. Форумның алғашқы күні еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас мамандар түрлі ойындар арқылы бір-бірімен жақынырақ танысты. Келесі күні топтарға бөлініп, Орталық Азиядағы ең ірі туристік кешен саналатын «Керуен сарайына» барды. Мұнда салт-пен дәстүрді ұлықтауға бағытталған арнайы танымдық квест ойыны ұйымдастырылды.

828A8070.jpg

Шараға «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі Қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қатысты. Ол жастармен бірге түрлі сайыстарға қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті.

828A8017.JPG

«Сананы жаңғырту - жас ұрпақ үшін ең алдымен өз болмысын, өз тегін танудан басталады. Салт-пен дәстүрді ұлықтау арқылы ғана ұрпақ өткенге терең бойламақ. Осы негізге ала отырып, жас мамандар форумын киелі Түркістан жерінде өткізіп отырмыз. Қорға қарасты компаниялардың жас мамандары бір-бірімен жақынырақ танысып, тәжірибе алмасып, тарихқа қанықсын деп. Бастысы шараға қатысқан әр жас маманның көздеген мақсаты бір. Сол себепті бірлесіп, ортақ мүдде үшін жұмыс істеуге бел будық. Осы жерде қалаған әр кірпішіміз, ертеңгі күні үлкен іске айналмақ. Ортақ байланыс алаңын құрып, еліміздің, Қордың даму жолындағы игі істерді бірге атқара беруге шақырамын»,  - деді  Ғибрат Ауғанов.

828A7963.JPG