«Самұрық-Қазына» АҚ Boeing компаниясымен ынтымақтастықты кеңейтуде
983
16 Қараша 2022
Бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығы «Boeing» компаниясының Ресейдегі және ТМД елдеріндегі сату және маркетинг жөніндегі вице-президенті Монте Фрейзермен және «Boeing» компаниясының Стратегия және нарықты дамыту жөніндегі директоры Марио Антонио Эбджиммен кездесті.
«Boeing» компаниясының өкілдері жолаушылар және жүк авиатасымалдарын дамытуға қатысты өз ойларымен бөлісті. Қазақстанның еуразиялық нарыққа қызмет көрсету үшін орналасқан орны тамаша екені аталып өтілді, бұл туристік әлеуетті ашуға, экономиканы әртараптандыруға және өнімділікті арттыруға ықпал етуі мүмкін.

«Boeing» компаниясы авиакомпаниялар мен әуежайларды дамытуды, сондай-ақ кадрлық резервті дайындауды қоса алғанда, коммерциялық авиация саласындағы ұзақ мерзімді әріптестікті ұсынады.
«Эйр Астана» компаниясы «Air Lease Corporation» компаниясымен 3 жаңа корпусы кең «Boeing» 787-9 Dreamliner ұшағын операциялық лизингке жеткізу туралы шартқа қол қойды. Сондай-ақ EXIM Bank қолдауымен «QAZAQ AIR» үшін 737 MAX реактивті тобының 20 әуе кемесін сатып алу мүмкіндігі де қарастырылуда.
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің қаржы хатшыс...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов E Fund Management компаниясының жаһандық акциялар бойын...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов MTR Corporation компаниясының бас атқарушы директоры Дж...
{{ $t('messages.news1') }}
Нұрлан Жақыпов Гонконгта Hong Kong Exchanges and Clearing (HKEX) бас д...