Қазақстан-Қытай бағытындағы теміржолды жаңғырту жобасы басталды
2171
17 Қараша 2022
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ұзындығы 836 шақырым болатын «Достық-Мойынты» теміржол учаскесін жаңғырту жобасының салтанатты басталу рәсімі болып өтті. Іс-шараға «Самұрық-Қазына», «Қазақстан темір жолы» басшылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және Балқаш қаласының әкімі қатысты.
«Достық» станциясы Алматы облысында Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан, ал «Мойынты» - Қарағанды облысында Астанадан Алматы мен Шымкентке дейінгі теміржолдағы станция.
«Достық-Мойынты» учаскесі бір жолды, 100% жүктелген және өткізу қабілеттілігі резервтері жоқ. Екінші жолдарды салу өткізу қабілетін 5 есеге арттыруға және контейнерлік пойыздардың жылдамдығын тәулігіне 834-тен 1500 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Достық-Мойынты» учаскесі жаһандық ауқымда алғанда Еуропадан Қытайға тасымалдайтын транзиттік теміржол дәлізінің маңызды бөлігі болып табылады. 2016-2020 жылдары Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдау көлемі 5 есеге өсті. Дәлізді кеңейту қазақстандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз етуге және елдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Анықтама үшін: Жобаның құны – 543 млрд теңге. Жұмыстың жоспарланған аяқталу мерзімі – 2025 жылдың соңы. Құрылыс барысында
3700-ден астам адам жұмылдырылады, желіні тапсырғаннан кейін
500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Құрылыс кезінде қазақстандық өндіріс материалдары пайдаланылатын болады, отандық өндіріс тауарларының үлесі 85%-ды құрайды.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Rwanda Mines, Petroleum and Ga...
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов «Samruk Swim Team» құрамасын жүзуден турнир...
{{ $t('messages.news1') }}
«Келешек мектептері» жобасы бойынша мектептердің құрылысы жыл соңына д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов «Orano Group» ком...