«Самұрық-Қазына» қоры Мәжіліс депутаттарын атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті
5123
08 Желтоқсан 2022
Депутаттар тобының шақыруымен «Самұрық-Қазына» басшылығы:
- мемлекеттік тілді дамыту;
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру;
- ғылыми-технологиялық бастамалар орталығының жұмысы;
- әлеуметтік жобаларды қолдау және қайырымдылық бағыттары бойынша Қор жұмысымен таныстырды.
Қор басшысы Алмасадам Сәтқалиев 2022 жылы жүргізілген маңызды реформалар мен жетістіктер туралы әңгімелеп берді. Ол «Халықтық IPO» жобасының табысты іске асырылғанын, сондай-ақ бірқатар маңызды өндірістердің іске қосылғанын, атап айтқанда: Атырау облысында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешені, Шелек дәлізінде 60 МВт жел электр станциясы, Қашағанда газды кері айдау компрессорларын жаңғырту және орнату жобаларының іске асырылғанын атап өтті. Төрт жоба өңірлерде 660-тан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.
Қор азаматтарды сумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз ету саласында ірі инфрақұрылымдық жобалар құруды жалғастыруда.
Сатып алуға, кадрларды іріктеу және қоғамға есеп беруге қатысты Қор мен портфельдік компаниялар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуде маңызды өзгерістер жүргізілді.
Сұрақ-жауап сессиясы барысында, депутаттар энергетика, авиация, қоғамның әлеуметтік бастамаларын дамытудың өзекті мәселелері жайында толық жауаптар алды. Жекелген тақырыптар бойынша ұсыныстар беріліп, сондай-ақ жазбаша жауап ұсыну сұралды. Барлық мәселелер одан әрі іске асыру үшін хаттамаға енгізілетін болады.
Кездесу екі сағаттан астам уақытқа созылды. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының тең төрағасы Еділ Жаңбыршин, Мәжілісте мұндай форматтағы іс-шара алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті. Бұл Мемлекет басшысы мәлімдеген «ықпалды парламент» қағидатын іске асыру болып табылады. Депутаттар ұлттық экономика флагманының өзекті мәселелерін одан әрі талқылауға және Қормен белсенді ынтымақтасуға дайын екендіктерін білдірді.
Өз кезегінде, Қор басшысы Парламент депутаттарына «Самұрық-Қазына» қызметіне кәсіби тұрғыда көңіл бөлгені үшін алғыс айта отырып, одан әрі өзара іс-қимыл жасауға қызығушылық танытты.
{{ $t('messages.news1') }}
2022 жылмен салыстырғанда отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі 7 ...
{{ $t('messages.news1') }}
Топ бойынша ОТӨ-ні қолдау: сатып алу көлемі бойынша жетекші компанияла...
{{ $t('messages.news1') }}
Самұрық-Қазына» АҚ Италияның жетекші компанияларымен екі құжатқа қол қ...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Ауғанстанның Сауда және өнеркә...