«ҚазТрансОйл» АҚ 2023-ші жылдың I тоқсанында 300 мың тонна көлеміндегі қазақстандық мұнайды Германияға тасымалдайды
811
13 Қаңтар 2023
«ҚазТрансОйл» АҚ Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінен 2023-ші жылдың I тоқсанында «Транснефть» ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесі арқылы «Адамова застава» мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемде қазақстандық мұнай жеткізу бойынша растау қағазын қабылдады. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мемлекет-мүшелерінің мұнайын Ресей Федерациясы аумағы арқылы мұнай құбырлары жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған. Мұнайдың аталмыш транзиті Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында 2002-ші жылдың 7-ші маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов қытайлық Goldcard компаниясы д...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазынаға» Цинхуа Университетіндегі Executive MBA бағдарламасы...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» мен Glencore тау-кен металлургиясы саласындағы серікт...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов жапониялық Marubeni корпорация...