Қазақстан Францияның атом электр станциясын салу тәжірибесіне қызығушылық танытты
1682
26 Қаңтар 2023
Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» басшылығы Францияның Électricité de France (EDF) атом-энергетикалық компаниясының өкілдерімен кездесті.
Оған Қордың басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов және «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС басшысы Тимур Жантикин, Франция тарапынан - Жаңа халықаралық атом жобаларын дамыту жөніндегі EDF аға вице-президенті Вакис Рамани және жаңа халықаралық атом жобаларын коммерциялық дамыту жөніндегі директор Мари-Аньес Берш қатысты.
EPR120 заманауи реакторы бар EDF ұсынысы Қазақстандағы болашақ АЭС үшін ықтимал қарастырылатын реакторлық технологиялардың қысқа тізіміне кіреді. Сондай-ақ тізімде тағы үш ұсыныс бар: қытайлық CNNC, корейлік KHNP және ресейлік «Ресатом». Өтінімдерді талдау және өнім берушіні таңдау жалғасуда.
«Самұрық-Қазына» қоры және EDF Қазақстандағы АЭС жобасының қазіргі жағдайын және ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Ернат Бердіғұлов қазақстандық тараптың жаңа атом станцияларын салу және пайдалануға қатысты EDF тәжірибесі мен құзыретіне қызығушылығын атап өтті.
{{ $t('messages.news1') }}
Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Energy China Overseas Investment директорла...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» халықаралық капитал нарығында 3 млрд юань тартты
{{ $t('messages.news1') }}
ҚТЖ Баку кеме жасау зауытында екі әмбебап құрғақ жүк кемесін құрастыра...
{{ $t('messages.news1') }}
Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желіс...