«Самұрық-Қазына» қоры «DOOSAN ENERBILITY» корей компаниясымен ынтымақтастықты кеңейтуде
625
10 Ақпан 2023
Бүгін «Самұрық-Қазына» қорының офисінде Қор басшылығы «Doosan Enerbility» корей компаниясының президенті Чон Ён Ин мырзамен кездесті.
Қор басшысы «ҰИНТ» АЭА аумағында бу-газ турбина электр станциясы бірлескен жобасының табысты іске асырылуын атап өтті.
Корей тарапы Атырау облысында БГТЭС 165 МВт кеңейту жобасына қатысу арқылы ынтымақтастықты жалғастыру мүддесін білдірді
Сондай-ақ тараптар «Doosan Enerbility» ноу-хауын қолдана отырып, басқа да энергетикалық жобалардағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша жобаларды бірлесіп іске асыру мүмкіндігін зерделеу үшін жұмыс тобы құрылады.
Анықтама: «Doosan Enerbility» компаниясы (2021 жылы өзгертілген, ескі атауы - «Doosan Heavy Industries & Construction Co., Ltd.») 1962 жылы құрылған және Чанвон, Оңтүстік Корея орналасқан. Компанияның қызметіне атом электр станцияларын салу, жылу электр станцияларын, әртүрлі турбиналарды, генераторларды және су тұщыту қондырғыларын шығару кіреді.
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы бірқат...
{{ $t('messages.news1') }}
Газ саласы дамуда: QazaqGaz нәтижелері мен жобалары туралы есеп берді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшылығы ҚР Президенті бастаған ресми делегация құра...