Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні
1290
28 Сәуір 2023
Құрметті әріптестер, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметкерлері!
28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі. Бұл күн жұмыс орнындақаза тапқан немесе жарақат алған адамдарды еске алуға арналған.
Ресми деректерге сәйкес 2022 Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардыңсалдарынан бір мың бес жүзге жуық адам зардап шеккен. Бұл жұмыс орнындағы қауіпсіздікті күшейту үшін тұрақты жұмыс істеу қажеттігін көрсетеді.
2023 жылғы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы: «Қауіпсіз әрі салауатты жұмыс ортасы - негізгі қағидат пен құқық».
Қазақстанда бұл құқық Конституцияда және Еңбек кодексінде ресми түрде бекітіліп, әрбір азамат үшін қауіпсіздік талаптарына сай келетін еңбек жағдайларын жасауы тиіс.
«Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобында біз жұмыс орнындағы қауіпсіздікке аса мән береміз. Біз жазатайым оқиғалардың алдын алуға, санитарлық-тұрмыстық жағдайларды жақсартуға, қызметкерлерді сауықтыруға, әріптестерімізге еңбек қауіпсіздігін оқытуға және өндірісте цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған жүйелі жұмысты үнемі атқарып келеміз.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша бірлескен күш-жігердің арқасында біз зардап шеккендердің санын 16%-ға төмендеттік.
Өткен жазатайым оқиғаларды талдау олардың себебі қаржылық немесе басқа ресурстардың болмауында емес, жұмыс процесінің ұйымдастырылмауында екенін көрсетті.
Осыған байланысты, мен барлық деңгейдегі басшыларға, әсіресе топ-менеджерлерге «Сіздер көшбасшысыздар және қызметкерлерге үлгі болуға тиіссіздер» деп айтқым келеді. Жұмыс күнін күнделікті еңбек қауіпсіздігі тақырыбынан бастау сіздердің әдепкі жақсы дәстүрлеріңізге айналсын.
Мен сондай-ақ жұмыскерлерге де ескерткім келеді. Өмір мен денсаулықты сақтау біздің өз қауіпсіздігімізге деген саналы көзқарасымызға байланысты. «Самұрық-Қазына» қоры сіздердің өмірлеріңізге және денсаулықтарыңызға қауіп төндіретін ықтимал қауіпті жағдай туындаған кезде, жұмыстан бас тартуға немесе жұмысты тоқтатуға барлық заңды құқығыңызға кепілдік береді.
Әр жұмыскерден өндірістік қауіпсіздіктің маңызын өз ісімен көрсетуді өтінемін.
Құрметті әріптестер, «Самұрық-Қазына» қоры үшін адамдардың өмірі мен денсаулығы негізгі басымдықтардың бірі. Қор тобының барлық қызметкерлері үйлеріне аман-есен оралуы керек. Сондықтан еңбекті қорғау ережелерін үнемі және қатаң сақтау – бәріміз үшін қағидаға айналуы тиіс. Барлықтарыңызды осыны қатаң ұстануға шақырамын.
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы
Жақыпов Нұрлан
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 2024 жылға арналған Тұрақты даму жөніндегі есе...
{{ $t('messages.news1') }}
KT Growth Forum: цифрландыру, көшбасшылық және жасанды интеллект
{{ $t('messages.news1') }}
Ғылым және инновация: 6 айдың қорытындылары мен Қор компанияларының не...
{{ $t('messages.news1') }}
SK Ondeu өз ғылыми жұмыстары негізінде әзірленген агрохимиялық препара...