«Самұрық-Қазына» Француз бизнесімен ынтымақтастықты кеңейтуде
487
03 Мамыр 2023
«Самұрық-қазына» АҚ Басқарма төрағасы Жақыпов Нұрлан сыртқы сауда, экономикалық тартымдылық мәселесі бойынша Француз Республикасының министр-делегаты Оливье Бештпен кездесті.

Қазақстандық Қордың басшысы ынтымақтастықтың маңыздылығы туралы айта отырып: «Қазіргі таңда Қазақстанда француз капиталымен 170-тен астам компания, оның ішінде Total, Orano, Alstom, Danone, Air Liquide, Vicat және басқа да ірі трансұлттық компаниялардың жұмыс істейді. «Самұрық-Қазына» тобының компаниялары экономиканың маңызды: мұнай-газ, энергетика, сондай-ақ атом өнеркәсібі салаларында Француз серіктестерімен бірге қызмет етуде. Бірлескен жұмыс Француз бизнесі мен «Самұрық-Қазына»өкілдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деп атап өтті Н. Жақыпов.
Сонымен қатар спикер дипломатиялық сала өкілдеріне қазақстан-француз ынтымақтастығын нығайту бойынша жүйелі жүргізілген шаралар үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде француз делегациясының өкілдері басым жобалар мен ағымдағы ынтымақтастыққа бағытталған түрлі мәселелерді айтып өтті. Осыменқатар тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қарашадағы Францияға сапарының, қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады. Кездесуге бүгінгі таңда француз компанияларымен бірлескен жұмыс тәжірибесі бар «Самұрық-Қазына» тобының «ҚазМұнайгаз»,«Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан Темір Жолы», «Эйр Астана» және «QazaqGaz»сияқты портфельдік компанияларының менеджерлері мен басқарушылары қатысты.
{{ $t('messages.news1') }}
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары аясында «Самұрық-Қазына» тобы бірқат...
{{ $t('messages.news1') }}
Газ саласы дамуда: QazaqGaz нәтижелері мен жобалары туралы есеп берді
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов The Carlyle Group компаниясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы АҚШ-та C5+1 бизнес-конференциясында сөз сөйле...