«Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларда өндірістік қауіпсіздік жағдайына аудит жүргізеді
624
19 Мамыр 2023
«Самұрық-Қазына» АҚ қызметінің басым бағыттарының бірі – қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы, тәуекелдер мен қауіпті әрі зиянды өндірістік факторлардың алдын алу, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік саласындағы тиімді басқару болып табылады.
Қордың портфельдік компаниялары қызметінің осы саланың талаптары мен стандарттарына сәйкестігін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, «Самұрық-Қазына» АҚ Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік секторы Қордың портфельдік компанияларының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен филиалдарында аудит жүргізуге бастамашылық жасады.
Аудит жүргізуге Қор тобының әртүрлі компанияларынан өндірістік қауіпсіздік бойынша сарапшылар тартылды, бұл тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өндірістік қауіпсіздік саласындағы білімді арттыруға көмектеседі, өз кезегінде еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыруға ықпал етеді.
«Өндірістік қауіпсіздік жағдайына аудит жүргізу біздің қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиямыздың маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Қазіргі жағдайды бағалау және ықтимал қауіптер мен тәуекелдерді анықтау бізге кемшіліктерді жою және қауіпсіздікті басқару жүйесінің тиімділігін арттыру шараларын қабылдауға көмектеседі.
Барынша қолданылатын практика бізге жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыруға көмектесіп қана қоймай, қоғам мен біздің қызметкерлер алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіміздің маңызды элементі болып табылатынына сенімдіміз», - деп есептейді Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директор Ғибрат Ауғанов.
Компаниялар тобында өндірістік қауіпсіздік саласындағы аудит жалғасатын болады және қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, Қор оларды жедел жоюды ерекше бақылауына алынатын болады.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі ...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» басшылығы мен Вьетнам Коммунистік партиясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Қазақстан мен Вьетнам іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үс...
{{ $t('messages.news1') }}
Тарихи келісім: «Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air акцияларын стратегиялық ...