Алматы ЖЭО-2-ні салушы мердігермен келісімшартқа қол қойылды
444
31 Мамыр 2023
Бүгін Алматы қаласында газбен жанатын жаңа Алматы ЖЭО-2-ні салушымердігермен шартқа қол қойылды. EPC-келісімшарт жобалау, жабдықты жеткізу, құрылыс-монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары, пайдалануға беру сияқты жұмыстың толық циклінің орындалуын білдіреді. Жаңа станция жұмыс істеп тұрған ЖЭО алаңына салынады, онда бүгінгі күні негізгі отын ретінде көмір, ал іске қосар кезде мазут пайдаланылады.
Жаңа газ-турбиналық ЖЭО-ны салушы мердігер энергетика саласындағы «Dongfang Electric International Corporation», «Powerchina Sepco1 Electric Power Construction Co., Ltd», «Powerchina Hebei Electric Power Engineering Co., Ltd» жобаларын іске асыруға мамандандырылған үш ірі қытайлық компаниялар консорциумы болды. Консорциум дегеніміз – компаниялар одағы, олардың біріншісі – өнеркәсіптік жабдықтардың ірі өндірушісі, екіншісінің жобаларды ЕРС-шарттары бойынша іске асыру тәжірибесі бар, үшіншісі – жобалау жұмыстарына маманданған компания.
Бұл таңдау «Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып, жаңғырту» жобасы шеңберінде Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) халықаралық стандарттары мен қағидалары бойынша өткен екі кезеңді ашық халықаралық тендердің қорытындыларымен айқындалды. Естеріңізге сала кетейік, EPC мердігерін анықтауға арналған тендер өткен жылдың қазан айында жарияланған болатын. 2023 жылдың қаңтарында конкурстың 1-кезеңіне қатысушылардың өтінімдері(біліктілікті іріктеу) ашылды. Барлығы 6 қатысушыдан өтінімдер келіп түсті. Тендердің 2-кезеңі аясында екі өтінім қаралды. Нәтижесінде, ЕҚДБ ережелеріне сәйкес, конкурс өтті деп саналады және банк 2023 жылдың мамыр айының соңында оның жеңімпазы – үш қытайлық компанияның консорциумын растады.
EPC-келісімшартқа қол қою Алматы ЖЭО-2 аумағында, жаңа станцияға бөлінген жерде өтті. Іс-шара «Самұрық-Қазына» қоры, ҚР-дағы ҚХР Елшілігі, ҚР Энергетика министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Самұрық-Энерго»АҚ өкілдерінің қатысуымен өтті. Тапсырыс беруші тарапынан келісімшартқа «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) Басқарма Төрағасы Еран Қырқынбаев, мердігер тарапынан – Цзян Лисян мырза, «Dongfang Electric International Corporation» компаниясының халықаралық маркетинг бөлімі бас директорының орынбасары қол қойды.
Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту жобасына сәйкес электр қуаты 600 МВт-ға дейінгі жәнежылу қуаты 957 Гкал/сағ дейінгі газ турбиналы ЖЭО салу көзделіп отыр. Станцияға газ турбиналық блоктардың корпусы мен су жылыту қазандығы кіреді.Жобаның мақсаты -ЖЭО-2-ні табиғи газды жағуға ауыстыру есебінен станцияның Алматы қаласыныңэкологиялық жағдайына теріс әсерін азайту. Жобаны аяқтау және станцияны пайдалануғаберу 2026 жылдың желтоқсанына жоспарлануда.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Серік Түйтебаевтың айтуынша, Алматының екі станциясы – ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғыртылғаннан, қайтажаңартылғаннан және газға ауыстырылғаннан кейін қала атмосферасына зияндызаттардың шығарындылары 92%-ға төмендейді. Төмендеуге Еуропалық одақтыңталаптары деңгейінде атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын қамтамасыз ететінтиімді газ турбиналы қондырғыларда табиғи газды пайдалану есебінен қол жеткізілетінболады. Сонымен қатар, көмірдің негізгі отынын газға ауыстыру нәтижесінде күл-қожқалдықтарының түзілуі мен көмілуі алынып тасталады. Қолданыстағы күл үйіндісініңорнында өндірістік ағындарды кәдеге жарату үшін булану алаңдары көзделеді.
Сондай-ақ, «Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының айтуынша, жоба Қазақстанныңоңтүстік аймағындағы электр қуаты нарығының тапшылығын жабуға бағытталған.
2022 жылдың қарашасында станция иесі АлЭС пен ЕҚДБ арасында Жобанықаржыландыру туралы несиелік келісім жасалды. Жалпы, жобаны қаржылық қолдаудыЕҚДБ-дан басқа Азия Даму Банкі (АДБ) және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) кіретін халықаралық және қазақстандық қаржы құрылымдары жүзеге асыратын болады. АДБ және ҚДБ-мен тиісті құжаттарға қол қою 2023 жылғы маусымға жоспарланып отыр. Қаржыландыру «Самұрық-Қазына» қорының корпоративтік кепілдіктерімен жүзегеасырылады, бұл сарапшылардың бағалауы бойынша тәуекелдерді азайтуға жәнекредиттеу шарттарын жақсартуға ықпал етеді.
Анықтама үшін:
Алматы ЖЭО-2 – белгіленген электр қуаты 510 МВт, жылу қуаты – 1411 Гкал/сағболатын электр және жылу энергиясын аралас өндіру бойынша Қазақстандағы ең іріжылу станциясы. Станция орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағы жылуыныңшамамен 70%-ын және Алматы электр энергиясының 50%-ын қамтамасыз етеді.ЖЭО-2«Алматы электр станциялары» АҚ-ға тиесілі.
«Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) – Алматы қаласы мен Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйым. АлЭС Алматы өңірі тұтынушыларының шамамен 70% - ынэлектр және жылу энергиясымен қамтамасыз етеді. Компания құрамында ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, Батыс жылу кешені, Қапшағай СЭС, Алматы ГЭС каскады, «Энергожөндеу» ӨТБ, ОҚжТО.
АО «Самрук-Энерго» - крупнейший электроэнергетический холдинг в Казахстане, 100% акций которого принадлежат АО «ФНБ «Самрук-Казына». Создано в 2007 году. Основные направления деятельности: производство электрической и тепловой энергии; передача, распределение и реализация электрической энергии; добыча энергетического угля. В состав холдинга входят энергетические и угольные предприятия, в том числе ТОО «Экибастузская ГРЭС-1», АО «Станция Экибастузская ГРЭС-2», ТОО «Богатырь Комир», АО «Алматинские электрические станции», АО «Мойнакская ГЭС», АО "Шардаринская ГЭС" и др. «Самұрық-Энерго» АҚ – акциялары 100% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі Қазақстандағы ірі электр энергетикалық холдинг. 2007 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, оның ішінде «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д.Қантаев атындағы Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және басқалары бар.
{{ $t('messages.news1') }}
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың Қазақстандағы Елшісі ...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада «Самұрық-Қазына» басшылығы мен Вьетнам Коммунистік партиясыны...
{{ $t('messages.news1') }}
Астанада Қазақстан мен Вьетнам іскер топтарының қатысуымен дөңгелек үс...
{{ $t('messages.news1') }}
Тарихи келісім: «Самұрық-Қазына» АҚ Qazaq Air акцияларын стратегиялық ...